Ясауи университетінің ректоры халық алдында есеп берді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова 2021-2022 оқу жылында атқарылған іс-шаралар туралы ұжым және қоғам алдында есеп берді. Жиынға Түркістан облысының құрметті азаматтары, қоғам белсенділері, облыстық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері, университет ұжымы мен студенттер қатысты.

Ректор Жанар Темірбекова жиналған қауымға өткен оқу жылында академиялық, ғылым, медицина, әлеуметтік, шаруашылық және өзге де бағыттарда атқарылған ауқымды шаралар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, 2021-2022 оқу жылында бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура деңгейін қоса алғанда, 21 білім беру бағдарламасы жаңартылған. Білімнің қайнар көзі – университет кітапханасының қорын толықтыру үшін бюджеттен 61 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, жаңа оқулықтар сатып алынды. Сондай-ақ, электронды кітапхана жүйесінің жұмысы жандана түскен.

Университетте атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі ретінде халықаралық рейтинг агенттіктерінің статистикасын көрсетуге болады. Білім ордасы Quacquarelli Symonds (QS) Emerging Europe and Central Asia (EECA) University Rankings рейтингінде  бірден 45 позицияға алға жылжып, 2020 жылғы 175-ші орыннан 2021 жылы 130-шы орынға көтерілді. Сондай-ақ, алғаш рет Qs World University Rankings 2023-ке алғаш рет еніп, 714-ші орынға жайғасты. Осылайша, университет 2026 жылға қойған межеге уақытынан бұрын қолжеткізді.

Осындай көрсеткіштердің жемісі болар, биыл Халықаралық қазақ-түрік университетін таңдап, мемлекеттік грант иегері атанған студенттердің де саны артқан. 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда грант саны 18% өсім байқалды. Бір жыл ішінде оқу орнын көруге, ұжым және студенттермен кездесу келген қонақтардың да қатар көп. Қазақстанның Сенат төрағасы мен Түркия Республикасының вице-президентінен бастап, министрлер мен депутаттар, түрлі билік өкілдері, дінбасылары, бірнеше мемлекеттің Қазақстандағы елшілік қызметкерлері ат басын бұрған.

Осылайша, университет халықаралық статусына сай қызметін жалғастырып жатыр. Ғылым бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылғаны мәлім болды. Мәселен, университеттің 8 оқытушысы ҚР БжҒМ 2021 жылдың «Үздік оқытушы» атағын иеленсе, 11 оқытушы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанған. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында Әсіресе, медицина саласын қолдау аясында біршама игі істер жасалды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті –  жеке клиникасы бір бірден бір оқу орны.

Аталмыш Клиника-диагностикалық орталықтың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу, дәрігерлердің білімін арттыру үшін шетелге  жіберу жұмыстары жыл бойы жүрген. Биыл Халықаралық қазақ-түрік университеттің құрылғанына – 30 жыл! Атаулы датаға орай, университет басшылығы арнайы «30 жылдыққа 30 жобаны» қолға алған. Білім мен ғылымді дамытумен қатар, қоғамға да пайда әкелетін бұл жобалар да көпшіліктің көңілінен шықты.

2021-2022 оқу жылында көп күш ең ауқымды әрі маңызды жұмыс ретінде шаруашылық қызметтін реттеуге бағытталған. Университет ғимараттары мен жатақханалардың шатырлары тозығы жетіп, ішке су өтетін болғандықтан, 40 жылға жарамды жаңа материалдармен қайта жабылды. Студенттер үйінің біреуі толық жөндеуден өтіп, жиһаздары жаңартылса, тағы біреуі жартылай жөндеуден өткен. Бұдан өзге де жөндеу, тозған материалдарды қайта жаңғырту жұмыстары көп.

Жалпы, университетте бір жылда атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлық. Мұны ректор есебін тыңдауға келген құрметті қонақтар мен оқытушылар да атап өтті. Түркістан облысының тыныс-тіршілігімен таныс, қоғамда орын алып жүрген жағдайларға үнемі үн қосып жүретін ардагерлер оқу орнының жұмысына жоғары бағасын беріп, ақжарма тілектерін арнады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ – түрік
университетінің бапасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий