Қарттарым — асыл қазынам 

Қазан айының 1-і күнгі қарттар күні қарсаңында Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушылары Павлодар облысы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

NIS-тің «Забота» еріктілер клубының бастамасымен өткен шараның басты мақсаты Зияткерлердің бойында өзіңді және басқаларды құрметтеу, ынтымақтастық, жауапты азаматтық позиция сынды мектеп құндылықтарын қалыптастыру, мейірімділік, жанашырлық, көмекке ұмтылу, сыйластық, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу. Айта кететіні, орталыққа бару Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының  педагогтеріне тәжірибе таратудың нәтижесінде ұйымдастырылды.

Оқушылар қарттарға концерт қойып, жетпіске жуық түрлі кітаптар мен үстел ойындарын тарту етті. Ал «Қазақстан элекролиз зауыты» АҚ NIS-пен меморандум аясында орталықтың 284 тұрғынына мерекелік дастархан жайды. Қарттар үйіндегі шара өте қызықты өтті. Концерт барысында біз олардың жүздерінен жылулық көрдік. Барлығы құрметке лайық жандар. Орталық тұрғындарына барлығы ұнады деген сенімдеміз, — дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ажар Нығметова.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий