Шеберлік сыныптары, жарыстар, музыкалық кештер, театрға бару: “Замандас” отбасы мерекесі қалай өтті

Қазақ халқының мәдениетінде отбасы адам өміріндегі басты құндылық болып саналады. Әрбір отбасы махаббат, адалдық, құрмет және дәстүрді сақтау идеяларында құрылған. “Замандас” отбасылық аула клубы 10 жылдан астам уақыт бойы әрбір отбасы ішінде өзара түсіністік пен үйлесімді қарым-қатынасты сақтау және орнатуын толық қолдайды, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Қыркүйек “Замандас” отбасылық аула клубының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері үшін әр отбасы ішіндегі қарым-қатынасты нығайтатын түрлі іс-шаралар мен мерекелерге толы. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында клубта “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтеді.   Балалар жылында ол “Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық” ұранымен өтеді.

Акция аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті көмек көрсету үшін өткізіледі. Биылғы жылы 123 рюкзак және мектептің кеңсе тауарлары жиынтығы сатып алынды. Бұл акцияны жүзеге асыру “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының мен “Романовский продукт” компаниясының қолдауымен мүмкін болды.

2013 жылдан бастап Қазақстанда әрбір екінші жексенбі Отбасы күнін атап өтеді. Бұл мерекенің мәні – мәдени құндылықтарды, дәстүрлер мен руханилықты сақтау. Мереке жас балаларды тәрбиелеуге, демографиялық мәселелерді жақсартуға және қоғамдық институт ретінде отбасын дамытуға көмектесуге арналған.

2022 жылы аула клубында Отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралардың онкүндігі жарияланды, оған түрлі спорттық эстафеталар, робототехника бойынша жарыстар, арт-терапия, хореография, вокал бойынша шеберлік сабақтары, шахмат турнирлері, сондай-ақ гитарашылардың музыка кештері кірді. Бұл іс-шаралар тек алған білімдері мен дағдыларын көрсетуге ғана емес, сонымен қатар балалар мен олардың ата-аналары арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.

Тығыз жұмыс кестесі мен қаланың өміріне байланысты ата-аналардың баламен жылы сөйлесуге және бос уақытын таза ауада өткізуге мүмкіндігі жоқ. Бұл жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың ұмтылыстары мен дамуына әсер етеді. Сондықтан “Замандас” отбасылық аула клубы ата-аналар мен балалар отбасында үйлесімді байланыс орнататын бақыт аймағына айналды.

Отбасылық аула клубының балалары “Astana Ballet” театрында Х театр маусымының ашылуында да бақыт үлесін алды. Мұндай мүмкіндікті олар “Жібек жолы” спектакліне шақыру ұсынған “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ, “Astana Ballet” театры және “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен алды. Жібек жолы – бейбітшілік кеңістігінде өмір сүрген шабыт пен сұлулықтың символы, тауарлармен, өнертабыстармен, жаңа технологиялармен, идеялармен және біліммен алмасу мүмкіндігі.

Балалар көргендерінен үлкен ләззат алды. “Бұл өте қызықты және шабыттандыратын қойылым. Маған жібектің пайда болу тарихы өте ұнады, әр түрлі халықтар жібекті тауар ретінде ғана емес, сонымен қатар өз мәдениеттерімен алмасуының символы ретінде көрсетілгені өте ұнады. Осының бәрін әртістер өздерінің билері мен костюмдерінің арқасында жеткізді”, – “Замандас” отбасылық аула клубының тәрбиеленушісі Рамазанова Зияда деп атап өтті.

Сенім, қол жетімділік, тілектестік, еріктілікте негізделе отырып, Астанада “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік бағдарламаларды дамыту қорының қолдауымен инновациялық типтегі 6 аула клубы және бір жастар коворкинг орталығы ашылды. Олардың қызметі әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Отбасы – кез келген қоғамның басты құндылығы. Отбасылық бақыттың кепілі-бұл сенімге, құрмет пен махаббатқа негізделген үйлесімді, жылы қарым-қатынасты құру және қолдау.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий