Әдеби кеш: “Сырбайдың сырлы әлемі”

Аймақтағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК базасында көрнекті қазақ халқының ақыны, прозашы, Қазақ КСР Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, жерлесіміз Сырбай Мәуленовтың туғанына 100 жыл толуына орай “Сырбайдың сырлы әлемі” атты әдеби кеші ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Кештің басты идеясы жас ұрпаққа қазақ лирикасы классигінің әдеби мұрасын насихаттау, шығармаларындағы  эстетикалық-рухани құндылықтарын тамашалау, ақын өлеңдерінің көркем сөздің жоғары үлгісі екенін таныта білу. Әдеби кешке өңірдің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары шақырылды.

Іс-шарада Рудный, Қостанай қалалары мен Қостанай ауданының, сондай-ақ “Білім-Инновация” лицей-интернаты, “Озат” ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-интернаты, “Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты” оқушылары белсенді қатысты. Оның ішінде Астана қаласы мен Жангелді ауданының С.Мәуленов есімімен аталатын мектептері және облыстың бірқатар мектептері онлайн қосылды.

Кешті Қостанайлық белгілі ақын Серікбай Оспанов ашып, жиналған білім алушыларды атамыздың мерейтойымен құттықтады. Қатысушылар үшін кештің маңызды сәті Алматы қаласында тұратын ақынның ұлы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің “Экономика және бизнес” кафедрасының профессоры Қасым Сырбайұлы Мәуленовпен онлайн – тілдесу болды.

Одан әрі “КН” радиосының дикторы Жанар Сейтбаталқызы Қасымова сөз алып, С.Мәуленовтың журналистикаға қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Әдеби кеш барысында  оқушылар Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы хабарламалар жасап, оның өлеңдерін оқып, ақын аталарына өз туындыларын да арнады. Мектеп оқушылар әдеби кеш қонақтарымен әңгімелесіп, ақын жерлесіміздің тағдыры, шығармашылығы туралы көптеген сұрақтарға жауап алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий