Маңғыстау облысы: “Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры” пікірсайыс турнирі

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына байланысты Өңірімізде дебат қозғалысын дамыту мақсатында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» мектеп оқушыларының облыстық пікірсайыс турнирі  ұйымдастырылды. Жарыс екі күнге жоспарлы түрде ұйымдастырылған бағдарлама мен түрлі спорттық шаралары, психологиялық тренинг өткізу мен кешкі мезгілде балалар бас қосқан «жалынды алауымен» ерекшеленді.

Аудан, қала, облыстық мамандандырылған мектептерден 28 оқушы, 14 команда қатысты. Турнирдің жеңімпаздарына «Карамель Ақтау»,«Rahim baby» балалар дүкендері демеушілік көрсетіп, ақшалай сыйлықтар табысталды. Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасынан: Бейнеу ауданы, «Атамекен» ЖББМ 11 сынып оқушылары «Атамекен» тобы: Дүйсенгалиев Айдос, Абиева Асемай; орыс лигасынан: Ақтау қаласы, 1 ЖББМ 11 сынып оқушылары «Freedom» тобы: Саясат Мира, Карткужаков Елхан; Мұнайлы ауданы, Ш. Мұңалұлы атындағы 5 Жббм 9,10 сынып оқушылары «Ақинақ» тобы: Ажибай Нұрдаулет, Тұрғанбаева Фариза жеңімпаз атанды.

Орыс лигасынан: Түпқараған ауданы, А.М.Горкий атындағы мектеп – лицейінің 10 сынып оқушылары «SL» тобы: Алтынғали Арайлым, Серік Карина; Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев атындағы мектеп гимназиясының 11 сынып оқушылары «Ақтұйғын» тобы: Саматқызы Ақнұр, Боранбай Динара; Орыс лигасынан: Жаңаөзен қаласы, 3 ЖББМ 10 сынып оқушылары «Феникс» тобы: Руслан Асылжан, Гасанбеков Эмирбахридин; «Үздік спикер» номинациясы – Ақтау қаласы, ОМИ 11 сынып оқушылары «Озат» тобы: Жұмабаева Дильназ, Сулейманова Сабина үздіктер қатарынан көрінді. Оқушылар мен жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз! Қатысушылар мен ұйымдастырушылар шара соңында естелік суреттерге түсті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий