Ақмола облысындағы мектепте инклюзивті білім беру кабинеті ашылды

Қорғалжын ауданындағы Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында “Балалар жылы” аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдауға арналған инклюзивті кабинет ашылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Ерекше білім беруді қажет ететін 25 балалармен педагог-психолог, педагог-логопед және әлеуметтік педагог жұмыс атқарады. Инклюзивті кабинетті жабдықтауға Ақмола облыстық білім басқармасынан 10 миллион 572 мың қаражат есебі бөлінді. “Бала-болашақ” дегендей барлық балаларға тең дәрежеде білім беру мемлекетіміздің міндеті болып саналады. Балалар жылы аясындағы игі бастамалар жалғаса берсін!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий