Ұстаз – ұлағатты есім

Ұстаз – ұлағатты есім, қастерлі ұғым, киелі тұлға, барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жан. Адамзат тарихында білімнің, өркениеттің мүддесі үшін қызмет етер ұстаздың еңбегі ерен. Ыбырай Алтынсариннің «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі ұстаз мәртебесінің жоғары екенін аңғартады. Ұстаз берген тәрбие-білім – әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

 

Ғалым да, батыр да, ақын да, диқан да, шопан да, бәрі – ұстаздан білім, тәлім алған, сол себепті ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Дюсембекова Айман Карабаевна – Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің  мұғалімі.  Ол еңбек еткен отыз екі жылда талай жетістіктерге жетіп, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.

Ол – өз ісінің білгір маманы. Аудандық, облыстық, республикалық іс – шараларына белсене қатысады. Шәкірттерін жан-жақты тәрбиелеуді мұрат еткен педагог ұстаздық жұмысында оқушылар еңбегін ғылыми ұйымдастыруға, дарынды оқушылармен ерекше жұмыс жүргізуге айырықша мән береді. Облыстық, республикалық олимпиада жүлдегерлерін дайындап, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген ұстаздрдың бірі.

 

Әбілқайырова Жұлдыз Жұмабекқызы

Оқушылары әр түрлі білім бәсекесінде аудан, облыс, республика көлемінде де нәтижелі қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтқанда, Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадада Төлеген Мадина 3-орынды иеленсе, 5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиадада Райымбекова Амина «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен ерекше жетістіктері үшін» Мадақтамасымен марапатталды.

Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін жас ұрпаққа арнап, бойындағы бар күш – жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Айман Карабаевнаның еңбегі ерекше.

«Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру арқылы, шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбында жұмыс жасау барысында, сабақтарында үнемі жаңа әдіс – тәсілдерді  қолданып, ақпараттық технологияны да тиімді қолданады. Айман Карабаевна өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру жолында аянбай жұмыс істеп, өзінен кейінгі жас ұстаздарға қамқор болуды парыз тұтатын білікті ұстаз бай тәжірибесін үйретуден жалықпайды.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деген сөзі ұстаз мәртебесі жоғары екенін аңғартады. Ұрпақ тәрбиесіне саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаз еңбегі әрдайым  шынайы құрметке лайық.

Жұлдыз Жұмабекқызы ӘБІЛҚАЙЫРОВА,
Ақмола облыстық оқу әдістемелік
кабинетінің әдіскері, Көкшетау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий