“Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!”: Нұрлан Ноғаев облыстың ардагер ұстаздарына салалық газеттің жылдық басылымын сыйға тартты

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев биылғы ұстаздар мерекесі қарсаңында аймақтағы педагогика саласының ардагерлерімен кездесіп, жергілікті атқарушы биліктің атынан құрмет көрсетті, – деп хабарлайды осы өңірдегі білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Ұстазым, бар сенің қасиетің..!» атты кездесу кешіне облыстық мәслихат хатшысы, облыстық «Аманат» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің және облыстық қоғамдық кеңестің төрағалары қатысты. Мерекелік жиында облыс басшысы Нұрлан Асқарұлы ардагер-ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, сый-сияпат табыстады.

Оның ішінде «Білімді ел – Образованная страна” республикалық газетінің “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!” әлеуметтік жобасын қолдау мақсатында бір топ аға буын өкіліне алдағы 2023 жылға абонементтік жазылым табысталды. Жиын барысында ардагер-ұстаздар да сөз алып, білім саласында еңбек еткен жемісті жылдарына шолу жасап, сол кездегі қызықты естеліктерімен бөлісті. Салтанатты кеш ән шашумен жалғасты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий