Зерттеу сұрақтары арқылы сатылай тапсырма құрастыру әдістері
Зерттеу сұрақтарын талдамас бұрын, ең бірінші «зерттеу» деген сөздің мәніне көңіл бөлсек. Жалпы, зерттеу – бұл жаңа білімді қалыптастыру процесін құрайтын таным іс-әрекетінің бір түрі. Яғни, жаңа білімді қалыптастыру үрдісі. Ал, зерттеу сұрағы дегеніміз не? Киркманның анықтамасы бойынша, Зерттеу сұрағы – бұл нақты топталған, ықшамды, кешенді және дәлелді талап ететін сұрақ. Бұл жерде, егер зерттеу сұрағы дұрыс болмайтын болса, оның нәтижесінің де оңды болмайтынын түсінуге болады.

Зерттеу сұрағының жауабы – бұл зерттеу нәтижесінде зерттеушінің алатын білімі. Яғни, білім алушы сұрақтың жауабын табу барысында зерттейді, ізденеді, басқалармен біріге жұмыс жасайды, тәжірибе жинайды. Мұның нәтижесінде, білім алушының тақырып бойынша білімі артып, өзіндік нақты бір көзқарасы қалыптасады. Теориялық әдебиеттер мен интернет көздерін талдай келе, зерттеу сұрақтарның негізгі 4 түрін жіктеуге болады. Сипаттамалық. Мысалы «Оқушылардың қанша бөлігі өздерінің білім деңгейіне қанағаттанады? Өзара байланыстырушы. Оқушылардың эмоционалды интеллект деңгейі мен таным процестерінің даму деңгейінің арасындағы байланыс қандай?
Салыстырмалы. Бірінші сынып оқушылары мен екінші сынып оқушыларын оқытуда әдіс-тәсілдерді таңдаудың ерекшеліктері қандай? Себеп-салдар: Әлеуметтік желіні тым жиі қолдану жеткіншектердің эмоционалды сферасының дамуына қалай әсер етеді? Зерттеу сұрағын құрастырудың жоғарыда атап кеткен үш түрі ғылыми жұмыстарда кеңінен қолданылады екен. Ал, соңғы түрі бұл біздің оқыту тәжірибемізді жақсартуда таптырмас тәсіл болып келеді екен. Зерттеу сұрағы қалай таңдалады?
Ең бірінші тақырыпты таңдауымыз қажет. Бұл-тәжірибеде жетілдіргіміз келетін бағыт. Егер біздің зерттеу тақырыбымыз, мысалы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болатын болса, зерттеу сұрағымыз да осыған сай болуы қажет. Ары қарай, алдын ала зерттеу жұмысын жүргізіңіз. Бұл қалай? Бұл, ең алдымен осы уақытқа дейінгі зерттеулерді қарастыру. Бұл жерде ғылыми жұмыстар, ғылыми мақалалар т.с.с. әдебиеттерді қарастыру және теориялық ақпараттар жинау. Осы күнге дейін жүргізілген жұмыстар негізінде өзіндік түсінік қалыптастыру.
Келесі, «қалай?» және «неге?» деген ашық сұрақтар тізбесін құру. Ол не үшін маңызды? Ашық сұрақ қою, нақты жауап іздеуге негіз болады. Әртүрлі типтегі сұрақтар бұл негізгі сұраққа қосымша жүретін бір-немесе екі сұрақ. Бұл, негізгі сұрақты жан-жақты талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Аудиторияны талдау. Қабылдаған аудиториямызға біздің сұрағымыз қызықты бол ма? Бұл аудитория біздің сұрақтың жауабын табуға деңгейлік тұрғыдан сай келе ме? т.с.с. сұрақтарды негіздейді. Ең тиімді сұрақты таңдау – жоғарыда келтірілген тізімнен зерттеушіні тәжірибені терең зерттеуге итермелейтін сұрақ.
Келесі типтегі сұрақтардан аулақ болу қажет: «ИӘ» немесе «ЖОҚ» деп жауап беруге болатын сұрақтардан-бұл жерде зерттеу жұмысын терең қарастыруға мүмкіндік болмайды, яғни жұмыс бекер жүргізілген іспеттес болады. Әдебиеттерді оқи отырып жауап беруге болатын сұрақтардан; Жауабы сұрақтың ішінде болатын сұрақтардан; Басқаларға «дәлелдеуді» қажет етеін белгілі жауабы бар сұрақтардан. Зерттеу сұрағын құрастыру әдістері: Сайман Браунхил ұсынған «Балмұздақ» әдісі. Халли С.Б. ұсынған «FINER файнер критерийі». PIKOT моделі
Енді бұл әдістердің құрылымын қарастырайық: «FINER критерийі- Feasible, Interesting, Novel, Ethical, Relevant- Мүмкін, Қызықты, Жаңа, Этикалық, Өзекті)/ Бұл әдіс жалпы зерттеушіге оның зерттеу жүргізуге деген қызығушылығы, мүмкіндігі бар ма екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Және оның ертенгі қажеттілігін баға бере алады. Жеке факторлар бойынша қарастырсақ: F – іске асыруға болатын. Қойылған сұраққа жауап табуға бола ма? Қажетті дереккөздер бар ма? Сіздің құзіреттілігіңіз жете ме? Қаржылай мүмкіндігіңіз бар ма? – деген сұрақтарды негізге алады.
I – қызықтырады. Алынған жауап зерттеушіге, білім алушыларға және т.б. қызық. N – роман. Алдыңғы білімді дәлелдейді, толықтырады немесе қарсы шығады. E – әдептілік. Мекеменің сараптамалық кеңесі бекіткен зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. R – өзекті. Ғылыми білім үшін; Болашақ зерттеулер үшін. PIKOT моделі. Зерттеу сұрағын құрастырудың бұл моделі ғылыми негізделген зерттеулерде қоладанылатын сұрақтарды құрастыруға кеңінен пайдаланылады. Бұл әдісті қолданудың пртықшылығы, оның қарапайым әрі қолжетімділігінде.
P-мәселе немес аудитория. Бұл критерииді қолдану барысында ең алдымен «аудитория» таңдау маңызды болып келеді. I – индикатор. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында мұғалімге қандай әдісті қолдану керектігін ойландырады, Келесі компонент мұғалімге зерттеу жүргізу кезінде қолдана алатын әдістер мен технологияларды кеңінен қарауға және ең оңтайлы жолға тоқтауға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтиже мұғалімнің осы зерттеу барысында неге қол жеткізуді жоспарлап отырғанын білдіреді. Соңында, соңғысы зерттеуге арналған уақыт аралығын анықтауға бағытталған.
Алайда, сұрақтар қоюдың бірінші моделін апробациялау кезінде мұғалімдерде туындаған түсінбеушіліктерді болдырмау үшін авторлар осыдан алдын көрсетілген FINER әдісін осы критеримен бірлесіп қолдануды ұсынған болатын. Сайман Браунхил ұсынған «Балмұздақ» әдісі. Бұл әдісті қолданар кезде басында айтқандай, риторикалық сұрақтардан, «ия» немесе «жоқ» деп жауап беретін және жауабы өз ішінде болған сұрақтардан аулақ болуымыз керек. Көріп отырғанымыздай, «Балмұздақ» әдісін қолданар кезде 5 пункт негізделеді.
Бұл жердегі ерекшелік, үлкеннен кішіге қарай жүру. Ең бірінші зерттеудің жалпы фокусын анықтау-бұл ауқымды бағыт болуы мүмкін. Екінші кезекте, жалпы фокустың ішіндегі бір аспектісі таңдалады; Одан соң осыған сай мақсат анықталады, мақсат анықталған соң зерттеу контексті қалыптасады, контекст анықталған соң қатысушылар таңдалып, сұрақ қалыптастырылады. Осы әдіс бойынша сұрақ құрастырып көрейік. Мінез-құлықты басқару – оның ішінен бір бағытын алсақ – Агрессия- оның физикалық аспектісі – мақсатымыз – Тиімді қысқа мерзімді стратегияларды анықтау \таза ауадағы ойындар негізінде әсер ету жолдарын табу – қатысушылар 3 жастағы балалар – қолданылатын сұрақ – қандай?
СҰРАҚ – Таза ауадағы ойындар кезінде балабақша балаларының физикалық агрессиясын басқаруда қандай қысқа мерзімді стратегиялар тиімді болады? Байқап отырғанымыздай, бұл әдісті қолдану зерттеу сұрағымызды жүйелі түрде талдап, тиімді сұрақ құрастыруға негіз бола алады. «Зерттеу сұрақтары арқылы сатылай тапсырма құрастыру әдістері» әдіс-тәсілдері мен сатылай талдау техологиясына тәжірибе жүзінде талдау жасады, дағдыларын зерттеуде ізденушілік сұрақтарын ашуға бірнеше жұмыстар жүргізді, ондағы басты мақсат білімалушылардың тапсырманы орындауында визуалды, көру есте сақтау, іздену дағдысы қалыптасады, топтық, жұптық жұмыстарда рефлексия жасауға бағыттайды
Индира Мадиевна КАБДОЛДИНА,
директордың оқу- әдістемелік бірлестік
жөніндегі орынбасары, педагогика
ғылымдарының магистрі