Білім беру үдерісінде педагогикалық технологияларды қолдану
«Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәндерден басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, мейірімділік, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді.
Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», – деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Осы тұрғыдан Адамның Үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі өзін-өзі тану пәнінің оқыту мен тәрбие үрдісіндегі орны өзгеше. Оның өзгеше болатын себебі, бұл пәннің мазмұнын мектептегі басқа пәндердегідей ғылыми тұрғыдағы білім негіздері емес, керісінше руханилық бағдардағы тәрбиелік мәнді ұғымдар, оқушылардың өзіндік «Менін» қалыптастыруға ықпал ететіндей дәрежедегі адамгершілік құндылықтар қамтиды.
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі ұтымдылық көрсететін оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Рухани-адамгершілік білім берудің негізгі мақсаты – үйлесімді дамыған және бойында адамгершілік қасиеттері бар оқушы тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәнінің Оқу үдерісінде имитациялық технологияны қолданамыз. Имитациялық ойын дегеніміз – адамдардың қалыптан тыс (экстремалды) жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін (моделін) құру. Мұндай жағдайлар қатарына жанжал, әуе апаты, жер сілкінісі, кеме апаты, робинзон, жау тылында, тұтқында секілді оқиғаларды жатқызуға болады. Имитациялық ойындарда студенттер өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап (имитациялап), шаруашылық, басқару, әлеуметтік, психологиялық шешімдерді қабылдауды үйренеді.
Бұл ойындар қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу. Имитациялық ойындар жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Мұндай ойындарда студенттер үйреншікті қалыптан өзгеше жағдайларда (ситуацияларда) өздерінің күнделікті құлықтары мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, проблеманың шешімін табады. Ұйымдастырушылық-қызметтік ойындар (ҰҚО), проблемалық жағдаяттар жүйесі және оқу барысында барлық оқу пәндерінің өзара әрекеттесуі түрінде оқу мазмұнын орналастыру негізінде ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыруды қарастырады.
ҰҚО басшысының міндеті – бұл топты әр адамның жеке позициясы сақталған жағдайда оқу процесінің бір бөлігі етіп құру. Танымдық-дидактикалық ойындар (ТДО), онда зерделенушінің ерекше ойын контекстіне қосылуымен сипатталатын жағдайлар жасалады. Сыртқы қызушылыққа құрылған дидактикалық ойындар мен меңгеруге жататын іс-әрекеттердің құрамына кіретін әрекеттерді талап ететін ойындарды ажырата білу керек. Нақты жағдайларды талдау және шешу әдістерін, танымдық-дидактикалық, рөлдік және іскерлік ойындарды өзіндік “матрешка” ретінде көрсетуге болады, ол алдымен бөлшектелген түрде берілуі тиіс.
Бұл білім алушыларды ойынға біртіндеп дайындау керек дегенді білдіреді. Нысан мен қарым-қатынас үлгілері дайын түрде қойылған нақты жағдайларды талдау мен шешуден бастау керек. Содан кейін күрделілігіне қарай танымдық-дидактикалық ойындар жүргізіледі, олар ғылыми, мәдени, әлеуметтік құбылыстардың (білгіштер сайысы, конференция, “Ғажайыптар алаңы” және тағы да басқалар) көшірмесін жасау түрінде және пәндік-мазмұнды үлгілер түрінде (мысалы, әр түрлі карталарды пайдалана отырып, ұтымды бағыт әзірлеу қажет болған кезде саяхат-ойын; ертегілер құрастыру және тағы басқалар өткізіледі.
Танымдық ойындарда рөлдік ойындардың элементтері болуы мүмкін. Рөлдерді ойнату тәжірибесін алғаннан кейін оқушылар іскерлік ойындарға дайын болады. Осылайша, ойын қатысушылары белгілі бір тақырып бойынша материалдарды талдау және жағдайларды шешу, танымдық, рөлдік және іскерлік ойындар арқылы зерттей отырып, имитациялық әдістер жүйесін ұйымдастыру қажет. Жаңа ақпараттық технология құралдарын «өзін-өзі тану» пәні сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда: жобалау, саралап оқыту технологиясы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы; модуьдік, деңгейлеп оқыту технологиясы; сатылай комплексті талдау технологиясы; компьютерлік оқыту технологиясы. Қорыта келе, «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. Имитациялық ойын дегеніміз адамдардың қалыптан тыс (экстремалды) жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін (моделін) құру. Мұндай жағдайлар қатарына жанжал, әуе апаты, жер сілкінісі, кеме апаты, робинзон, жау тылында, тұтқында секілді оқиғаларды жатқызуға болады.
Имитациялық ойындарда студенттер өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап (имитациялап), шаруашылық, басқару, әлеуметтік, психологиялық шешімдерді қабылдауды үйренеді. Бұл ойындар қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу. Имитациялық ойындар жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Мұндай ойындарда студенттер үйреншікті қалыптан өзгеше жағдайларда (ситуацияларда) өздерінің күнделікті құлықтары мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, проблеманың шешімін табады.
Ұйымдастырушылық-қызметтік ойындар (ҰҚО), проблемалық жағдаяттар жүйесі және оқу барысында барлық оқу пәндерінің өзара әрекеттесуі түрінде оқу мазмұнын орналастыру негізінде ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыруды қарастырады.ҰҚО басшысының міндеті – бұл топты әр адамның жеке позициясы сақталған жағдайда оқу процесінің бір бөлігі етіп құру. Танымдық-дидактикалық ойындар (ТДО), онда зерделенушінің ерекше ойын контекстіне қосылуымен сипатталатын жағдайлар жасалады.
Сыртқы қызушылыққа құрылған дидактикалық ойындар мен меңгеруге жататын іс-әрекеттердің құрамына кіретін әрекеттерді талап ететін ойындарды ажырата білу керек. Нақты жағдайларды талдау және шешу әдістерін, танымдық-дидактикалық, рөлдік және іскерлік ойындарды өзіндік “матрешка” ретінде көрсетуге болады, ол алдымен бөлшектелген түрде берілуі тиіс. Бұл білім алушыларды ойынға біртіндеп дайындау керек дегенді білдіреді. Нысан мен қарым-қатынас үлгілері дайын түрде қойылған нақты жағдайларды талдау мен шешуден бастау керек.
Содан кейін күрделілігіне қарай танымдық-дидактикалық ойындар жүргізіледі, олар ғылыми, мәдени, әлеуметтік құбылыстардың (білгіштер сайысы, конференция, “Ғажайыптар алаңы” және тағы да юбасқа) көшірмесін жасау түрінде және пәндік-мазмұнды үлгілер түрінде (мысалы, әр түрлі карталарды пайдалана отырып, ұтымды бағыт әзірлеу қажет болған кезде саяхат-ойын; ертегілер құрастыру және тағы да басқа) өткізіледі. Танымдық ойындарда рөлдік ойындардың элементтері болуы мүмкін.
Рөлдерді ойнату тәжірибесін алғаннан кейін оқушылар іскерлік ойындарға дайын болады. Осылайша, ойын қатысушылары белгілі бір тақырып бойынша материалдарды талдау және жағдайларды шешу, танымдық, рөлдік және іскерлік ойындар арқылы зерттей отырып, имитациялық әдістер жүйесін ұйымдастыру қажет. Жаңа ақпараттық технология құралдарын «өзін-өзі тану» пәні сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда:
Жобалау, саралап оқыту технологиясы; Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы; Модуьдік, деңгейлеп оқыту технологиясы; Сатылай комплексті талдау технологиясы; Компьютерлік оқыту технологиясы; Ойын технологиясы; Білім берудегі интерактивтілік технологиясы және тағы да басқа. 1 курс ҚБ-109 («Бастауыш білім беру мұғалімі») тобымен. Өзін-өзі тану пәні сабағында “Адамдық борыш – қасиет” тақырыбында әр түрлі рөлдік ойындар ойнады. «Рөлдік ойын» әдісі. Рөлдік ойын – бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер.
Тақырып: жалпыадамзаттық құндылықтарға өмірден мысал келтіре отырып, рөлмен сипаттау. Бес топқа берілген құндылықтарды мысалға ала отырып, рөлдік ойын ойнау арқылы қорытындылау нәтижесінде әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық рухани құндылықтар: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуға үйретуді көздейді.
Ақиқатты іздей отырып, өзін-өзі тану арқылы, білім алушылардың біліктілік, шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ақиқатты сүйіспеншілікпен қабылдауға, Сүйіспеншіліктің шыңы – риясыздық қасиетін білім алушылардың бойына дарыта отырып, қалыптасқан жағдайды қабылдап, әрі қарай дұрыс әрекет жасауға икемдеуге, Дұрыс әрекет құндылығы негізінде жағымды қарым-қатынас құруға, Дұрыс әрекет жасау арқылы ішкі тыныштыққа қол жеткізуге, адамның өзіне, өзгеге, айналасына, бүкіл әлемге Қиянат жасамай нағыз адам болуына көмектесу.
Жалпыадамзаттық құндылықтар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адами аруханилығын және оның мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды. Ақиқат – ойдағы Сүйіспеншілік. Дұрыс әрекет – іс-әрекеттегі Сүйіспеншілік. Жан тыныштығы – сезімдегі Сүйіспеншілік. Қиянат жасаму – түсінісудегі Сүйіспеншілік. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәні адамның риясыз сүйе білу қабілетін ашып өзін-өзі тануға және қоғамға қызмет ету дағдысына дамытады. Өзін-өзі тану сабағында қатаң талап етуден гөрі көмектесу, үйретуден бұрын, оларды жақсы көру маңызды. Сондықтанда Сүйіспеншілік құндылығының маңызы қызмет атқарады.
Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтірікпен өш. Сүйіспеншілік тілдің ұшында, ақылдың шыңында емес – ол жүректің төрінде. Сүйіспеншілік кешірімділер мен жаны жомарттармен бірге. Өзімшілдік бар жерде – сүйіспеншілікке орын жоқ. Сүйіспеншілік – барлық руханилықтың тамыры, барлық жазбалар мен ізденістердің мәні, барлық жолдардың қиылысқан тұсы, адамдардағы шабыт көзі болып табылады. Қорыта келе, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялар, имитациялық технологиялыр баланы ойын арқылы оқыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыра отыру маңызды.
Өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге, рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
Мадина ЕРБОЛ,
«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді
дамуы гуманитарлық колледжінің
оқытушысы, Алматы қаласы