Бастауыш сыныптарда оқушылардың сөйлеу тілін дамыту
Қазіргі заманда өз ойын анық айта алатын, шешен сөйлей білетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру – бастауыш сынып мұғалімінің алдында тұрған зор міндеттердің бірі.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі — баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі, сөздік қоры жақсы дамиды.
Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру – әр ұстаздың басты мақсаты. Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен, әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз. Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білуі керек. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі әр сабағында бала тілін дамытып, сөздік қорын байытуға әр түрлі тәсілдерді қолдана білуі тиіс деп ойлаймын. Тіл байлығын, сөйлеу тілін дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі, әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.Мақал – мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру-мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмау үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады.
Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары:
-түсінгенін әңгімелеу
-сұрақтарға жауап беру
-кейбір үзінділерді жатқа айтқызу
-оқыған шығармасы бойнша таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып отыру
-кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру
-әңгімелердің ұқсастығын салыстыру
-ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру.
Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорға жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі-оқушылардың сөздік қорды,ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі ол тіл арқылы өз ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алады».
Тіл дамытудағы тиімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Шығармашылықтың түрі әр алуан,мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы әрбір бала өзінің таланттылығын, қабілеттілігін, бейімділігін көрсете алады.
Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсету.Баланы өз ойын анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тереңдетіп оқыту арқылы сөздік қорын байыту үшін, әр оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді. Бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек. Баланың бас ұстазы ата-анасы болса, екінші ұстазы- бастауыш сынып мұғалімі. Сондықтан біздің алдымыздағы әр оқушының сауатты оқуы мен жазуы, сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасып, жақсы дамуы тікелей мұғалімге байланысты болмақ.Осы тұста өзімнің бастауыш сынып мұғаліміме және универсииеттегі ұстаздарыма,ерекше Ақынова Ләззат,Қуанышбаева Зәуре апайларыма рахмет айтамын. Шәкірт үшін тер төгетін, мұғалімге жүктелген ауыр міндетті адал әрі асқан шыдамдылықпен атқарайық дегім келеді!
Жанабергенова Аружан Маратқызы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің тарих және педагогика факультетінің 4-курс студенті Шымкент қаласы