Ресурс үнемдеу арқылы өнімділікті арттыру
Қазіргі уақытта Аргентина, Бразилия, Австралия, АҚШ, Канада сияқты елдердегі ауыл шаруашылығында миниамалды және нөлдік өңдеу технологиялары кеңінен таралуда. Бұл инновациялар Қазақстанда кейінгі жылдары енгізіліп, бүгінгі күні ресурс үнемдейтін технологиялар қарқынды дамуда. Бұл әсіресе егіншілік және өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыруға үлкен әсерін тигізуде.

Егіншілікте саланы әртараптандыруға қор жинаушы технологияларды кеңінен қолдануда аса назар аударылуда. Осыған байланысты ылғал, қор сақтаушы технологиялар кеңінен таралуда. Дәстүрлі технологиядан нөлге көшу қажеттілігі, біріншіден, топырақты өңдеудің энергетикалық және еңбек шығындарын азайту үшін, екіншіден, ауыр тракторлар мен топырақ өңдеу техникасының жұмыс істейтін жүйелерінің әсерінен топырақтың шамадан тыс тығыздалуы және оның қасиеттерінің нашарлауынан туындап отыр.
Дәстүрлі, ескі әдістер кірісті 15-30%-ға төмендетеді, сонымен қатар эрозиялық процестердің күшейтеді. Яғни, топырақтың тозаңдануы және қарқынды механикалық өңдеу кезінде органикалық заттардың тез ыдырауына әкеліп соғады. Осыған байланысты, тауар өндірушілер мен фермерлерді жаңа инновациялық технологияларға үйрету – алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі болып табылады. Бүгінде мемлекет ауыл шаруашылығы саласын өркендетуде жаңа технологияларды өндіріске енгізуді міндеттеп отыр.
Осыған орай Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында ресурстарды үнемдейтін тікелей және минималды технологиялар бойнша ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Бұл технологиялар қысқа мерзімді ауыспалы егісте қолданылады. Егін шаруашылығын сақтау кезіндегі ауыспалы егіс ерекше маңызға ие, өйткені көптеген мәселелер зиянкестер мен аурулар таралуы ауыспалы егістермен шешілуі мүмкін. Егін шаруашылығын үнемдеу технологиясын қолданған кезде ауыспалы егіске тек коммерциялық дақылдар мен топырақ құнарлылығын арттыратын дақылдарды қосу керек. Мысалы, рапс, бұршақ, көпжылдық шөптер тағы да басқалар.
Технологиялық операцияларды және дақылдардың ауыспалы егіс принциптерін сақтаудың арқасында Қазақстан жағдайында тікелей себу және минималды өңдеу технологияларын кеңінен қолдануға болады. Ол үшін біз қажетті себу агрегатын алуды ұсынамыз, Дон 114 бұл сепкіш тікелей себуге арналған, сонымен қатар Бразилия сепкіші сынақтан өтті ол отыздан астам дақылдарды, соның ішінде күздік бидай, жоңышқа, мақсары және басқа дақылдарды және басқа да дақылдарды тікелей өсіруге болады.
Дәстүрлі технологияларды сақтау үшін жерді жырту керек, содан кейін 3-4 рет егу алдындағы өңдеуді жүргізу керек, содан кейін егін егу керек. Бұл нарық жағдайында өте үлкен шығындар мен алынған дақылдар кейде фермерлер үшін күтілетін кірісті ақтай алмайды. Елімізде соңғы жылдары 11 млн гектардан астам алқапта ылғал үнемдеу технологиялары, 2,8-3 үш миллион гектар алқапта нөлдік технология енгізілуде, бұл айтарлықтай қозғалыс, қолданбалы жаңа технологияларды енгізу және тағы да басқа.
Сондай-ақ, соңғы жылдары әлемдік қоғамдастыққа нөлдік технологияны енгізуге көп көңіл бөлінуде. Канада, Аргентина, АҚШ-тың мыңдаған фермерлері, яғни әлемдегі ең ірі астық экспартерлері болып табылатын елдер, 30 жылдан астам уақыт бойы өз алқаптарын жыртпайды, бүгінде әлемде егін шаруашылығын сақтау жүйесі бойынша, яғни төрт жүз миллион гектардан астам жер жыртылмай өңделеді және бұл көлем тұрақты өсуде. Үнемдеу технологиялары өндіріс шығындарын едәуір азайтуға, топырақ эрозиясының алдын алуға және олардың құнарлылығын арттыруға, ауа-райына тәуелділікті азайтуға және экологияны жақсартуға мүмкіндік береді.
Ресурс үнемдеу технологиясы топырақтың құрылымы мен ылғал сіңіру қабілетін жақсартады, бұл топырақ эрозиясын алдын алады, өнімділіктің өсуін қамтамасыз етеді және құрғақ ауа-райына тәуелділікті азайтады. Өсімдік қалдықтарының қабаты қардың сақталуын жақсартады, топырақ бетіндегі ылғалдың булануына жол бермейді. Сондықтан топырақта ылғал көп болады, топырақ фаунасының тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар жасалады. Егін шаруашылығын сақтау технологиясын қолдану топырақтағы қарашіріктің тұрақты төмендеуін тоқтатуға мүмкіндік береді, су шығындарын азайтып, парниктік әсердің төмендеуіне ықпал етеді.
Қазақстан жағдайында осы ресурс үнемдеуші технологияларда әр гектарға жұмсалатын шығындар 30-40% – ға азаяды. Бұл ретте тікелей себу өнімділікті арттыра түседі. Ең бастысы біз ұсынған тұқым сепкіштермен оңтайлы мерзімде себудің уақытында, екінші рет көктемде азот тыңайтқыштарының ұсынылған мөлшерлерін уақтылы қоректендіруді жүргізу, ылғал жабу, арамшөптермен уақтылы күресу және тағы да басқа. Ресурс үнемдейтін технологияларды өндіріске енгізу бұл болашақтың ең тиімді технологияларының бірі. Бразилиялық Vence Tudo отырғызғышымен Аммофосты бір мезгілде енгізе отырып күздік бидайды тікелей себу.
Гуля ҚҰНЫПИЯЕВА,
Қазақ егіншілік және өсімдік
шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты, ауыл шаруашылығы
ғылымдарының кандидаты
Дина СМАҒҰЛОВА, PhD