“Жан жылуы” қайырымдылық акциясының шапағаты
Қостанай облысының балаларын қолдау мақсатында «Бөбек» орталығының құрылымдық бөлімшелері: колледж, гимназия, балабақша, оқу-сауықтыру кешенінде «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оқу-сауықтыру кешенінің базасында Қостанай облысының өрт кезінде зардап шеккен отбасыларының 30-дан астам балалары демалып, денсаулығын нығайтты, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

«Охотзоопром» кәсіпорнының ұжымы қайырымдылық акция туралы ести сала, балаларға жан жылуын ғана емес, сонымен қатар сыйлықтар: футболкалар, бейсболкалар, бояуға арналған альбомдар мен пеналдар сыйлады. Гимназия мен балабақшаның ата-аналары, мұғалімдері, колледж студенттері балаларға түрлі іс-шаралар ұйымдастыра отырып, қолдау көрсетті. Мысалы, гимназияның ата-аналары Алматы қаласының кинопаркіне экскурсия ұйымдастырды.
Загрузка...Гимназия мен балабақшаның ата-аналар комитеттері әр балаға спорттық костюмдер, кроссовкалар, бейсболкалар тарту етіп, дельфинарийге экскурсия жасауды сыйға тартты. Ал колледж белсенділері аниматорлардың ойынымен сүйемелденген қызықты концерт ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар балалардан сыйлықтар мен өткізілген іс-шаралар үшін жылы пікірлер мен алғыс алды.