“Samsung Solve Tomorrow”: Қостанайдағы физика – математика лицейінің оқушылары жүлдегерлер қатарында

Астана қаласында IT университетінің базасында Digital Bridge-2022 форумы аясында «Samsung Solve Tomorrow» республикалық әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Конкурсты Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы ұйымдастырып, қатысушылар түрлі салаларда бірегей IT-шешімдерді әзірлеуден жарысты, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

370 команданың ішінен 10 мықты команда іріктелді. Конкурстың мұндай форматы болашақ көшбасшыларға шығармашылық дағдыларын дамытуға және маңызды проблемаларды стандарттан тыс шешуге, ғылым, технология, инженерлік іс және математика арқасында заманауи цифрлық жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Жүлделі орындарды Ақтөбе (Virgo), Қостанай (Ortus) және Шымкент (Kazbionics) оқушыларының командалары иеленді.

Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математика лицейінің «Ortus» командасының құрамында Трефилов Сергей, Цюпай Александр және жоба жетекшілері Немцов Александр Александрович пен Немцова Наталья Викторовна болды. Команда 2 орынға ие болды және оларға 2 500 000 теңгенің сертификаты табысталды. Балаларды және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, әрқашан алға жылжуына және кез келген шыңдарды бағындыруына тілектеспіз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий