Абдулина Сәуле – жоғары оқу орнындағы үздік оқытушылардың бірі

Абдулина Сәуле ― Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебі» кафедрасының аға оқытушысы, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Үндістандағы International Symposium for Research Scholars on Metallurgy, Materials Science & Engineering, Indian Institute of Technology Madras халықаралық конференциясына қатысқан. Сондай-ақ Жапония және Германияда ғылыми тағылымдамадан өтті.
Сәуле Абдулина қырыққа жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбек жариялады, оның ішінде дәйексіз көрсеткіші (impact factor) бар, Scopus деректер базасына кіретін журналдарда 3 мақаласы бар. 2021 жылы жоғары оқу орнының үздік оқытушыларының бірі болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий