“Бала дауысы”: Атыраулық жас өнерпаз ұлттық ән байқауынан жеңіспен оралды

Топтан озып дүбірлі сайыстың ақтық кезіңіне өткен атыраулық Дильназ Ежірова жүлделі екінші орынға ие болды! Айта кету керек, «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының 5 сәуір мен 15 мамыр аралығында қашықтан іріктеу кезеңі өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 8-12 жас аралығындағы 3 534 бала қатысты, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Іріктеу турының қорытындысы бойынша қазылар алқасы 18 финалистті анықтады. Оларға 1 маусым мен 20 қыркүйек аралығында вокал, актерлік шеберлік, фотосессия, телевизиялық роликтер түсіру бойынша сабақтар ұйымдастырылды. 18 финалист бэнд сүйемелдеуімен танымал халықтық және эстрадалық композицияларды орындады. 
Атыраулық Дильназ Ежірова Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының оқушысы. 11 жасар Дильназ өз жасынан жоғары Сопрана 1 дауысының иесі. Байқауда Мархаба Сабидың «Қай заман» әнін орындап, ерекше дауысымен әділ-қазылар алқасын тамсандырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий