Демограф ғалымдар еліміздің интерактивті демографиялық картасы мен демографиялық деректер базасын әзірледі

Бұл туралы «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанна Аубакирова «Қазақстандағы және іргелес аумақтардағы этнодемографиялық процесстер» атты ХХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мәлімдеді, –  деп хабарлайды Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі.

Өскеменде отандық және ресейлік ғалымдар жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда демография мәселесінің ең өзекті тақырыптарын, этнология, тарих, деректану, Қазақстан және іргелес аумақтардың географиясы мен әлеуметтану мәселелерін талқылады. Конференция бағдарламасына мемлекеттер мен бөлек өңірлердегі әлеуметтік-демографиялық даму мәселелері кеңінен қамтылған 40-тан аса баяндама енді.

Шара шымылдығы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті басқарма төрағасы-ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы мен ШҚО Ішкі Саясат басқармасы «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры, профессор Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлының конференция қатысушыларына деген құттықтау сөзімен ашылды. Өзінің ақжарма тілегін жолдаған жанның бірі Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ардагері Иван Полторанин.

Коференция аясында «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанна Аубакирова демографиялық деректер базасы мен интерактивті демографиялық картаның әзірлену барысы жайлы айтып берді: – Біздің зерттеу тобымыз Қазақстанда алғаш рет елдің интерактивті демографиялық картасын жасады. http://statdata.info/index.php/%D0%97%D0%B0%D0%B3%D0%BB%D0%B0%D0%B2%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%86%D0%B0. Ол өңірлік демографиялық ерекшеліктерді анықтайды, – дейді Жанна Сәкенқызы.

– Карта Қазақстан мен оның жекелеген өңірлері үшін ықтимал жағымсыз сценарийлердің болуы және дамуы тұрғысынан әлеуметтік-демографиялық тәуекелдерді қарастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, болуы мүмкін әлеуметтік қиындықтарды, оның ішінде мемлекет тыныштығына қауіп төндіретін жағдайларды анықтауға қажет. Оған қоса, демографиялық деректер базасын https://public.tableau.com/app/profile/antonivlev/viz/_16552741694940/2009_1 – статистикалық деректер массивін: қайта өңделген, зерттелген, сараптамадан өткен және жасқа, жынысқа қатысты пирамидалар ретінде визуалды рәсімделген, демографиялық тәуекелдер мен қауіптердің бағалау деңгейін көрсете алады.

2020–2022 жылдар аралығындағы Қазақстанға келген ресейлік иммиграцияның себебі, динамикасы, құрылымы және салдары жайлы Қазақстан мен Орталық Азиядағы көші қон саясаты және көші қон жөніндегі халықаралық кеңесшісі Елена Садовская айтып берді. – РФ ФҚҚ Шекара қызметінің деректерін сатистикалық талдау нәтижесінде 2020 жылдың алты айында Ресейден Қазақстанға 587,1 мың, 2021 жылы – 318,2 мың, 2022 жылы – 773 мың адам келгені анықталды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрілігінің 30 қыркүйек бойынша мәліметінде, Қазақстанда 353 мың ресейлік азамат жүргені белгілі. Бірақ, олардың тек 7 мыңы жұмысқа орналасуды көздейтіндігі анықталды. Мұндай миграция себебі күрделі саяси жағдай мен экономикалық, әлеуметтік факторларға қатысты. Ресей Федерациясынан ағылған иммигранттарға қатысты оңды тұстар да бар. Ол — жұмыс күші сапасын көтеруге әсер ететін, бәсекелестікке ұмтылдыратын кәсіби мамандардың келуі. Оған қоса, білімді мамандардың жұмысқа орналасуы Қазақстан үшін қажет телекоммуникация, IT салаларына серпін береді, – дейді Елена Садовская. – IT-мамандардың көшіп келуі уақыт өте келе Қазақстан Республикасының инновациялық дамуына оң ықпал етуі мүмкін.

Г.В.Плеханов атындағы РЭУ ғылыми орталығының қызметкері Игорь Шичкин өзінің баяндамасында 2036 жылға дейін Ресейдегі халық санының төмендеу ықтималдылығы ауқымына баға беріп өтті.  – Демографтардың зерттеулері мен Ресейдің 2036 жылға дейінгі демографиялық даму сценарийіне сүйенсек, Ресейде халық санының азаю көрсеткіші төмен болжаммен 3 млн адамға дейін, ал орташа болжаммен 12 млнға дейін жетуі мүмкін, – деді Игорь Щичкин.

Қазақстанның демографиялық балансы факторы ретінде ішкі мигранттарды ұзақмерзімді интеграциялау; Қырғыз православие миссиясының миссионерлері және қазақ халқының дәстүрлі рәсімдерін сақтау; Иркутск қаласының маңындағы халық санының көбеюі мысалындағы субурбанизацияның демографиялық әсері тақырыптары да ортаға салынды. Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар мен материалдар жинағы әзірленуде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий