Әлеуметтік жобалар арқылы оқушылардың болашағын жобалаудың маңызы

Әлеуметтік жоба ұғымы мен маңызы. Мектептегі әлеуметтік жоба түрлері. Әлеуметтік жоба құрылымы. Неден бастаймыз? Әлеуметтік жобалар оқушы тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Себебі, кез-келген жоба жасау арқылы, оқушылар өмірге қажетті дағдыларды үйренеді: топта жұмыс жасау, көшбасшылық ету, эмоционалды зият, шешім табу, жоспарлар және де мақсат қойып, мақсаттарға қол жеткізу.

Қайырымдылыққа бағытталған әлеуметтік жобалар оқушылар бойында маңызды құңдылықтарды қалыптастырады. Мейірімділікке, қамқорлыққа баулиды. Қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын, яғни нетворкинг, екі жақты тиімді әрекеттесуді үйретеді. Мәселен, алпауыт компаниялардың барлығы дерлік, өз табысының қомақты мөлшерін экологиялық жобаларға жұмсайтынын білеміз. Бұндай компанияларға, нарықта сұраныс асып, тұтынушылардың үлкен сеніміне ие болады.

Дәстүрімізге келетін болсақ, қазақ халқы өте мейірбан, ұйымшыл болып келеді. Күшіміз бірлікте болғандықтан, әрқашан «асар»мен айналысқан. Сонымен қатар, кез келген шетел университеттері де оқушылардың әлеуметтік белсенділігін бірінші орынға қояды. Әлеуметтік жобаларды жүргізе алатын, әлеуметтік клубтар иегерлері әрдайым, кез –келген ортада сұранысқа ие. Мектептегі әлеуметтік жобалау құңдылықтарды ұстанатын, жоғары моральды тұлғаларды, белсенді өмірлік әрі азаматтық орыны бар тұлғаларды дайындайды.

Оқушылар бойында жаңа мүмкіншілктердің ашылуына, болашақ мамандығын таңдауында септігін тигізеді. Әлеуметтік жоба маңыздылығын анықтаған болсақ, негізгі ұғымына тоқталайық. Әлеуметтік жоба – оқушылардың жеке не топ болып жүргізетін әрекеттері. Қоғамға белсене араласудың түрі мен әлеуметтік проблемалардың шешуін не жаңашыл көзқарас енгізуді көздейді. Бұл әрекеттер бағдарлы іс-әрекет жасау арқылы жүзеге асады.

Әлеуметтік жоба объектілері болып әлеуметтік әрекеттер, құқық бұзушылықтар болуы мүмкін; әлеуметтік қарым-қатынас, яғни, туысқандардың отбасылық, не достар, әріптестер арасындағы қарым-қатынастар болуы мүмкін; әлеуметтік институттар, оқу мекемелері, емдеу мекемелері; әлеуметтік орта, парктер, спорттық алаңдапр, велосипед жолдары болуы мүмкін. Әлеуметтік жоба субъектілері болып барлық оқушылар, ұстаздар мен әлеуметтік жобаға үлес қосуға дайын  ата-аналар жатады.

Әлеуметтік жоба міндеттері: оқушылардың мәдениеттілігін арттыру; топта жұмыс істеуге дағдылану; өз өзін тәрбиелеу мен дамыту, әс-әрекетін жоспарлау, ақпарат іздеу, алынған ақпаратты сараптау дағдыларының қалыптсатыру жатады; атқарылған жоба бойынша есеп беруді үйрену, талдау, жағымды-жағымсыз тұстарын анықтауды үйрету. Әлеуметтік жоба түрлері: ақпараттық әлеуметтік жобалар- оқушылардың белгілі бір мәселеге байланысты ақпаратты жинау, талдау мен бар мәліметтерді сараптап, көпшілік алдында таныстырылым жасау.

Рөлдік және ойын түрінде өткізілетін әлеуметтік жобалар-қарым-қатынасқа байланысты, рөлдерді бөліп, әлеуметтік көңіл-күйді зерттеу, белгілі бір ситацияларда адамдардың мінез-құлықтары мен ынтасы қалай өзгеруі мүмкін, модельдеу; Зерттеушілік әлеуметтік жобалар-құрылымы бойынша зерттеу жобасы сияқты болып келеді. Мақсаты, гипотезасы мен міндеттері, жетістікке жету жолдары белгіленген. Осы арқылы әлеуметтік мәселені шешу; Аралас әлеуметтік жобалар-әр түрлі жоба түрлерін қамтиды.

Әлеуметтік жоба құрылымы: Әлеуметтік жоба субъектілері мен объектілерін айқындау. Әлеуметтік мәселені талдау, шешім жолдарын ұсыну. Мақсат қоюда ескеріледі: қол жетімділігі, нақтылығы, өлшенетін, шынайы, уақытпен шектеулігі. Күтілетін нәтижелерді нақтылап жазып өту. Жобаны бастамас бұрын әлеуметтік серіктестермен жолығып, жоспар нұсқасын назарларына ұсынып, ортақ жоспар жасаған дұрыс. Мерзімі мен өткізілетін іс-шаралар түрлерін анықтаңыздар.

Қайырымдылыққа байланысты әлеуметтік жоба болса, қаражатты тарту көздері мен спонсорларды іздеу. Яғни, қайырымдылық жәрмеңкелер мен концерттер өткізу. Экологияға байланысты болса, аулаларды тазалау, қаланы тазалау, макулатура жинау, оны өткізу ұйым басшыларымен келіссөздер жүргізу. Бос шөлмектерді жинау, қоұыс сұрыптау, пластикалық қақпақ жинау, оларды зауыттарға өткізу жиналған қаражатты науқас балалардың емдеуіне жүргізу.

Өмірге уақытынан ерте келген нәрестелерге көмектесу, қарттарға қол ұшын созу, жануарларға көмектесу, көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға көмектесу. Ең бастысы ұжыммен жұмыс жасау, нәтижеге жету, келіссөздер жүргізу, қаржылық сауаттылық дағдыларының қалыптасуы. Көмек беру арқылы, бос уақыт өткізбей, өмірдің мәнін табу, моральды тұрғыда өз жұмысына қанағаттану, шабыттану. Әлеуметтік жобалардың барлығы дерлік маңызды, іске асыру барысында барлықтарыңызға тек сәттілік тілейміз!

Аклима Мэлсовна СЕКСЕНБАЕВА,
Семей қаласындағы физика-математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
педагог-ұйымдастырушы-кураторы, Абай облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий