“ASTAUFesT 2022”: Ақмолалық педагогтер халықаралық байқауда үздік нәтижелер көрсетті

Астана қаласында «ASTAUFesT» ІІІ Халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті. Іс-шара халықаралық аспаздар күнін мерекелеу аясында өткізіледі және тамақтандыруды ұйымдастыру кәсіптерінің мәртебесін арттыруға, мейрамхана бизнесін индустрия ретінде дамытуға бағытталды. Фестивальге Ақмола облысы колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің шеберлер конкурстық номинацияларға белсенді қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді: 1 орын «Жыл наубайшысы» – Нұраддинова Арухан Бағдәулетқызы, Жаңаесіл ауылы, агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері; 2 орын «Жыл наубайшысы» – Искакова Айшолпан Едрисовна, Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері; 2 орын «Жыл бас аспазы» – Сұлтанғалиқызы Арайлым, Жаңаесіл ауылы, агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері.

Үшінші орын «Жыл бас кондитері» – Искакова Әсем Ғабдуалиқызы, Көкшетау қаласы, құрылыс – технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері; 1 орын «Slow food» командалық жарыс – Сбитнева Лариса Евгеньевна және Бекпаева Шынар Әшімқызы, Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері. Сонымен қатар, фестиваль аясында колледж педагогтері «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сервис мамандарын даярлаудың заманауи білім беру жобалары» ғылыми-практикалық конференциясына қатысуда.

Фестиваль қатысушылары тәжірибе алмасу және бөлісу, өз шеберліктері мен дағдыларын көрсету, жоғары кәсіби мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетейік, фестиваль ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Talap» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының, «Атамекен» ҰКП, «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС, KNAMA PARK, NILTON қонақ үйі, The Ritz-Carlton қонақ үйі, Rixos President қонақ үйі, «Хабар» БАҚ және тағы дасқа демеушілердің қолдауымен өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий