Қызметтік көліктердің кілті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты біздің аймақта да басқа өңірлердегі сияқты жыл басынан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған көптеген игі шаралар ұтымды ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тараз қаласындағы «Асыл Мирас» аутизм орталығының базасында халықаралық «Мүгедектер күні» қарсаңында ерекше білімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, оларды ерте диагностикалау мақсатында құрылған облыстағы психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияларға облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы демеушілер есебінен қызметтік бес «Largus» автокөліктерінің кілтін табыстады.

Олардың қатарында облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы, Қордай аудандық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы, Меркі аудандық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы, Талас аудандық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы және Шу аудандық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы бар. Ерекше балалардың игілігіне қызмет ететін жаңа көліктер жүйіткей берсін!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий