Ұлағатты ұстаз ұлықталды
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, аймақ бойынша домбыра-приманың алғашқы орындаушысы, ұлағатты ұстаз Аманбек Махуұлы Сүндетовтың 75 жас мерейтойына арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мерекелік кешке облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, Ресей Федерациясының халық әртісі А. Цыганков, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Е. Басығара, Қазақстан халық әртісі, әнші, композитор А. Қоразбаев, ҚР Мәдениет қайраткері О. Жауыров, Мәдениет саласының үздігі, еңбек ардагері С. Қанапьянов, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, профессор Ж. Бегендіков, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, білім ісінің құртметті қызметкері, Махамбет сыйлығының ардагері К.Сахарбаева қатысты.
Загрузка...Кеш Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестірінің орындауымен Қаршыға Ахмедияровтың «Адай ақжелең» күйімен ашылды. Бұл күй меретой иесі Аманбек Сүндетовке арналған тарту күйі (дирижеры ҚР мәдениет саласының үздігі, Б. Рзаханов атындағы бірінші республикалық конкурстың бас жүлде иегері, Аманбек Махуұлының төл шәкірті К.Бауыржан). Мерекелік кеште өңір жетекшісінің атынан құттықтау сый-сияпат табысталып, алыс –жақыннан келген достары – еңбек сіңірген өнер қайраткерлері ізгі лебіздерін білдірді.