Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған арнайы жедел штаб жұмыс жүргізуде

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы студенттердің «далада түнеп жүргені» жайлы бейнеролик тарады. Ғылым және жоғары білім министрлігі бейнеролик авторының және оқиға куәгерлерінің ведомствоға хабарласуын сұрайды. Қажет болған жағдайда ол студенттерге көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, басқа өңірлерде бұндай жағдай тіркелмегенін хабарлайды.
Айта кетейік, Алматыда қиын жағдайға тап болған студенттерге арналған арнайы ЖЕДЕЛ ШТАБ жұмыс істейді. Баспанамен қамту бойынша студенттер тәулік бойы 8 778 655 60 83 байланыс телефонына хабарласа алады. Бұдан бөлек Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1450 БІРІҢҒАЙ БАЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Әділет министрлігінің тұрғын үйді жалға алу мәселелері бойынша ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС беретін 119 (қалалық телефон) немесе 58-00-58 байланыс номеріне хабарласуға болады (Алматы, Астана). Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий