Қолдау көмек көрсетіледі

Қала прокуратурасы және «Janym» қоғамдық бірлестігімен І.Есенберлин атындағы № 25 гимназиясының оқушыларының қатысуында арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Басты мақсат – физикалық, жыныстық, эмоционалдық, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, қауіп-қатерге тап болған жасөспірімдерге көмек көрсету, – деп хабарлайды Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Janym” қоғамдық бірлестігінің басшысы Наталья Клюжина мен білім басқармасындағы психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Венера Коканова жастармен еркін форматта әңгімелесіп, оқушылар тарапынан қойылған ашық сұрақтарға нақты жауап берді. Жасөспірімдер үшін сейсенбі күндері Instagram желісінде «Жасөспірімдер қонақжайы», «Біз маңызды нәрселер туралы айтамыз» жобалары аясында «Janym» ҚБ мамандарымен және Білім басқармасы жанындағы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының психологтарымен онлайн кездесулерге қоса жасөспірімдерге арналған марафондар ай сайын қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады.

Ата-аналар үшін бейсенбі күндері кәмелетке толмаған балалар қарым-қатынас мәселелері бойынша тікелей эфирде «Ата-аналар қонақжайы» онлайн жобасы және психологтар үшін жұма күндері тікелей эфирде “Психологпен сұхбат” офлайн жобасы жүзеге асырылуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий