Энергия алудың әдісі

Асылым Ізғали – Абай орталығындағы JasSpace кеңістігінде «Химия» курсын аяқтап шыққан оқушы. Бір ай бойына STEAM бағыттағы арнай курста білім алған ол өзі сияқты жастармен ортақ мақсатта түрлі лабораториялық зерттеулер жасады. «Тұзды аккумулятор» жобасы осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесі, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің жобамыз – электр жарығы болмай қалған кезде, қарапайым құралдар арқылы энергия өндіруге арналған. Біз жобамызға ​ бір реттік стақандарды қолдандық. Стақандарға тұз араластырған су құйдық. Және стақанның сыртын фольгамен қаптадық. Бұл жерде не үшін фольганы қолдандық? Себебі, фольга – тап таза алюминий металы. Және ол электродтың ролін атқарады. Сөйттік те, стақанның ішіне мыс сым орнаттық.

Сымның ұшын мультиметр құралына жалғау арқылы электр тогын алдық. Осындай қарапайым әдіс арқылы энергия алу далалық жерлерде зерттеу жасайтын адамдарға да көмек болады деп ойлаймын. Өйткені, ​ осындай әдіспен телефонды қуаттауға, белгілі бір аумақты жарықтандыруға болады. Тренеріміз Әсел Оңдашеваға үлкен алғысымды білдіремін, – деді ол журналистермен әңгімесінде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий