РФММ – 50 жыл!

Республикалық физика-математика мектебіне (РФММ) биыл 50 жыл толады. Жарты ғасырлық тарихта оқу орны Қазақстанның ең мықты физика-математика мектебінің беделін нығайта отырып, үлкен жолдан өтті. Бірінші Республикалық физика-математика мектебі Алматыда 1972 жылғы қазан айының 16-ы күні Кеңес Одағының ірі университеттеріндегі физика-математика мектеп-интернаттарымен ұқсастығы бойынша құрылды.

Республикалық физика-математика мектебінің сол кездегі және қазіргі кездегі басты мақсаты – Қазақстанның барлық аймақтарынан дарынды балаларды анықтау және одан әрі дамыту, нәтижесінде – елдің зияткерлік элитасын қалыптастыру болып келеді. Жарты ғасыр ішінде беделді мектеп 11 мыңға жуық оқушы бітірді, олардың ішінде көптеген түлектер ықпалды саясаткерлер, перспективалы ғалымдар және табысты бизнесмендер, өз саласында жаңашыл болды.

2015 жылы РФММ мемлекеттік мекемесінен коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды, бұл оқу орнында академиялық еркіндік, корпоративтік басқару принциптерін енгізуге, түлектер, білім беру саласындағы сарапшылар қатарынан директорлар кеңесін құруға мүмкіндік берді. Бұл ретте мектеп толық жүз пайыз мемлекеттік болып қалды, бұл оның дарынды оқушылар үшін қолжетімділігін сақтап қалды.

Мектеп үздік педагогтарды ұстауға тырысып және үздік педагогтарды белсенді түрде тартады, өзінің материалдық-техникалық базасын жаңартады, жаңа жабдықтар сатып алады, зерттеулер мен инновацияларды дамытады. Мәселен, 2016 жылы Астанада РФММ екінші мектебі, 2021 жылы Орал қаласында үшінші мектебі ашылды. Алматы РФММ-де ауданы 10,5 мың шаршы метр жаңа оқу корпусы салынды.

Жаңа мектептер мен Алматы корпусында балалар зерттеу жүргізе алатын жаңа техникамен жабдықталған заманауи пәндік кабинеттер, зертханалар, робототехника кабинеттері ұсынылған. Ұйымшыл ұстаздар ұжымы барлық әріптес педагогтерді биылғы қазан айының 14-15 күндері РФММ мерейтойлық шараларға қатысуға шақырады.

– Республикалық физика-математика мектебінің елу жылдығына орай РФММ ардагерлерін, мұғалімдерін, түлектерін, оқушылары мен ата – аналарын, сондай-ақ мерейтойлық іс-шараларға басқа да құрметті қонақтар мен барлық ниет білдірушілерді мәртебелі мейман ретінде асыға күтеміз, Мерекелік салтанат шеңберінде оңтүстік астанадағы білім ордасында “FIZMAT” форумы (14 қазан, 10:00); Ашық есік күні (15 қазан, 10:00) және Республика сарайында салтанатты кеш (15 қазан, 17:00) ұйымдастырылады. Құрметті қонақтармен қуанышты сәтте қауышатындығымызға сенеміз, – дейді Алматы қаласындағы РФММ директоры Алмас Күнғожин.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий