Бейсембаев Қанатжан – отандық жоғары оқу орындарындағы үздік оқытушылардың бірі

Бейсембаев Қанатжан – PhD докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі «Ветеринарлық санитария» кафедрасында «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің аға оқытушысы, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Ол Швейцарияда, Қытайда, Португалияда және Ресейде өткен халықаралық конференцияларға қатысқан. Қырықтан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. Сонымен қатар бірқатар патенттелген жаңалықтардың да авторы, атап айтқанда жаңа генотиптің «Anaplasma Speciosus Omsk»‎ анаплазма штаммына патент иегері. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларының тізіміне енді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий