Олимпиадалар – дарынды, талантты, қабілетті  балаларды анықтау құралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының дарынды оқушыларды анықтау және қолдау жүйесін құруға мүмкіндік беретін “Ел Үміті” бастамасының ауқымды жобаларының бірі – «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауылдық жерлерде білім алатын 5-6 класс оқушылары арасында өткізіледі, республика бойынша 1000 дарынды баланы анықтайды және еліміздің ең үздік білім ошақтарында білім алуына мүмкіндік береді.  

 

Олимпиаданың басты мақсаты – ауылдық жерлерде білім алатын 5-6 класс  оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау. Республика бойынша «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы 2022 жылдың 29 сәуірі күні өткізіліп, Ақтөбе облысынан 124 оқушы қатысты.   Оның ішінен  37 оқушы  жеңімпаз атанып, 6 оқушы облысымыздың арнайы мамандандырылған мектептерінде білім алуға жолдама алды. Республикадан жеңімпаз атанған 37 оқушыны 2022 жылғы 5 қазанда Ақтөбе облысының білім басқармасы мен  “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы атынан  салтанатты марапаттау шарасы өткізілді.   

Шара барысында  Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің 6 класс оқушысы Досанов Батыр мен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей интернатының 7 класс оқушысы  Жайылханова  Айжүрек олимпиада туралы өз ойларымен бөлісті, ата-аналардың атынан Салихов Аманбай мен Бибінұр Айтмырзақызы балалар мен ұстаздарға жүрекжарды тілектерін білдірді.

 

Камшат Ватиханқызы КОСЩАНОВА

Интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге қабілетті тұлға қалыптастыру және шығармашыл, дарынды оқушыларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған осындай жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғаны ата-аналар мен оқушылардың көңілінен шықты. Осы шарада «Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасына жеңімпаздарымыздың қатысуына мүмкіндік жасап, қолдау көрсеткен ата-аналарымызды Ақтөбе облыстық білім басқармасының атынан “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Ж.Есенжолова Алғыс хатпен марапаттады.

«Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы атанған 37 оқушыға  100 000 (жүз мың) теңге көлемінде сертификат пен диплом табыстады. Дарынды, талантты, қабілетті, жігерлі жастарымызға артар сенім де, жауапкершілік те үлкен. Болашақта Қазақстанның дарынды, қабілетті жастарының қатары молайып, талай асулардан асып, биік белестерді бағындыратынына сенеміз!

Камшат Ватиханқызы КОСЩАНОВА,
“Ақтөбе – Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік
қосымша білім беру орталығының әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий