Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңалықтары мен мазмұны туралы
ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВтың төрағалығымен осы бейіндік ведомстваның дәстүрлі тұрде әр аптаның сейсенбі күні ұйымдастырылатын аппараттық жиналысының бүгінгі кезекті басқосуында салалық министрлікке қарасты Балаларды ерте дамыту институты директоры Манара Адамова “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңалықтары мен мазмұны туралы” тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамашы өз сөзінде жыл басынан бері МД білім саласының қызметін реттеуге қатысты жеті НҚА өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілгенін айтып, соның ішіндегі негізгі 3 құжатымыз: Стандарт, ҮОЖ, ҮОБ жаңғыртылғанын жеткізді. Бүгінгі таңда ел Президентінің жолдауына сәйкес, МДҰ педагогінің айлығын көбейтіп, жүктемесін азайтуға байланысты келесі құжаттарға өзгерістер енгізу қолға алынуда. Олар: «Педагог мәртебесі» туралы Заң, жан басына шаққанда қаржыландыру әдістемесі (597 бұйрық), қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы ҚР Үкіметінің №1193 Қаулысы.
– Ол үшін айлық табыс көлемін арттыруға қажетті қаражат мөлшері есептеліп, сұраныс қалыптастырылды. Сонымен бірге, барлық тәуекелді тұстар мен мүмкіндіктерді толық саралау мақсатында еліміздің МДҰ сәуірде басталған «Күн бойындағы топтағы 2 тәрбиеші» жобасы ҚР ОАМ №408 бұйрығына сәйкес қазан мен желтоқсан аралығында жалғастырылып, барлық 20 өңірден 39 МДҰ қамтылды. Қазіргі кезде Мақсатты бағдарламалық қаржыландыру аясында жүріп жатқан зерттеу жұмыстарының барысында дайындалған сапа өлшем шарттарының жобасы қазан-желтоқсан айларында сынақтан өткізілуде, – деді Манара Елекенқызы.
– Әзірленген сапаны бағалау құралының құрамы құрылымдық сапа, педагогикалық үдеріс, күтілетін нәтиже сапасын бағалайтын компоненттерді қамтиды. Қазіргі таңда пилоттық жоба аясында балабақшаларда сапа өлшемшарттарымен танысып, алғашында «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы МДТО қызметінің сапасын бағалау ұсынылған. Ол үшін 1-ші компоненттегі 4 параметрге 54 критерий, 2-ші компоненттегі 5 параметрге 40 критерий, 3-ші компоненттің 6 параметріне 33 критерий , барлығы 127 критерий анықталған. Әр айдың соңында аралық талдау өтеді, сапаны бағалау құралдары жетілдірілетін болады. Алдағы уақытта құралды баллдық өлшеммен де қолданып көру жоспары бар (қараша).
Тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасының мазмұнын қайта қарау 2021 наурыз айынан басталған және МДТО дамыту моделінің икемді Стандарт, икемді оқу жоспарын, балаға бағытталған бағдарлама жасау міндеттерінен туындаған. Осының нәтижесінде 15-20 минутқа мақсат, міндет, күтілетін нәтиже қойылатын жекелеген сабақтар емес, мақсатты ойындарға құрылған және балада жасына сай дағдыларының қалыптасып, дамытылуын болжайтын педагогтің іс-әрекеті анықталған.
Олар 11 қарапайым қағидалардан тұрады. Педагог Стандарттан «кімді тәрбиелеп шығарамын?» деген сұрақтың жауабын (баланың бойында қалыптасуы тиіс 9 қасиет), бағдарламадан «ол үшін не үйретемін?» деген сұрақтың жауабын (педагог үшін 11 қағида), оқу жоспарынан «оны қалай іске асырамын?» деген ең маңызды 3 сұрақтың жауабын алады (күнделікті, бала б/б келгеннен кеткенше). “Білімді ұлт» ұлт жобасының іс-шаралар жоспарының 1.1.2 тармақшасын жүзеге асыру барысында жаңа Стандарт, ҮОЖ негізінде тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы жаңартылды.
Мақсаты: әр баланың мүдделерін, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оның әлеуетін жан-жақты дамыту және ашу. Дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестеріне көзқарастар өзгертілді. Балаларға жүктеме азайтылды. Бағдарламаның мазмұны балалар іс-әрекетінің әртүрлі түрлері арқылы педагог күні бойы ойын түрінде ұйымдастырған интеграцияланған сабақ арқылы жүзеге асырылады: ойын; моторлы; танымдық; шығармашылық; зерттеу; еңбек және дербес дербес. Мемлекеттік тілді меңгеру үшін шамамен сөздік минимумы әзірленді.
Бағдарламаның мазмұнындағы білім салалары қолданыстағы бағдарламада сол салалар қамтыған дағдыларға бейімделді және балалардың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерді болжайды, – деп қорытындылады өзінің сөзін Балаларды ерте дамыту институты директоры Манара Адамова.
Загрузка...