“Қайрат” бапкерлері оқушыларға шеберлік сыныбын өткізді

Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Қайрат” футбол клубының жаттықтырушылары шеберлік сыныбын өткізді. Бұл кездесу дене шынықтыру және спорт пәндік апталығының аясында өтті. Зияткерлік мектептің 7-9 сынып оқушыларына арналған футбол клубының тәлімгерлерінің сабағы жаңа түрлі комбинацияларды, ойын жүргізу техникасы  мен тактикасын дәріптеген тәжірибелі алаң болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

45 минуттың ішінде NIS футболшылары жұпта да, жеке топтарда да ойнап,  кәсіби жаттықтырушылар Анатолий Антипин мен Иван Сизовтың     жетекшілігімен түрлі тапсырмаларды орындады, футбол добымен  түрлі элементтерді үйренді, шеберліктерін шыңдады. Кездесуді қатысушылардыөзара  матчі қорытындылады. Бүгінгі ойында «Қайраттың» бапкерлері құнды тәжірибе берді. Көптеген жаңа элементтерді, дағдыларды үйрендік, жылдамдықтың маңызын ерекше сезіндік, футболға деген махаббатым артты.

Соңындағы матч тіпті қызықты болды, бір деммен ойнап шыққандай болдық. Келесі кездесуді асыға күтеміз,- деп бөлісті зияткерлер. –  Бұл кездесу спортпен шұғылдануға серпін болды. Біз оқушыларымызға спортпен шұғылданудың пайдалы екенін көрсетуге тырыстық және бұл жоғары деңгейдегі кәсіпқойлармен спорттық атмосфераға енудің тамаша мүмкіндігі болды. Жаттықтырушыларға, футбол клубының басшылығына, атап айтқанда, техникалық директор Евгений Красиковқа мұғалімдеріміз бен оқушыларымызға шеберлік сыныпты өткізгені үшін алғыс айтамыз.

Біз келешекте ынтымақтастықты нығайтуға үміттенеміз, – деді Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Асхат Жұмабеков. “Қайрат” ФК футболдың дамуы үшін кешенді жағдай жасайтын және жанкүйерлер мен қоғам үшін мәдени құндылық болып табылатын қазақстандық футбол тарихын бастаған әйгілі клуб.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий