Келестік оқушы жастардың сөйлеу тіліндегі ерекшелікті зерттеуде

N7 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жоракулова Ақбота бірнеше жылдан бері жастардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер тақырыбында зерттеу жүргізуде. Оқушы мектеп бағдарламасынан тыс тың тақырыпта ізденген, – деп хабарлайды Түркістан облысындағы Келес аудандық адам әлеуетті дамыту бөлімінің баспасөз қызметі.



Тақырып бойынша лингвистикалық әдебиеттерді ізденіп жастардың тілімен айтқанда тілдегі “паразит сөздердің” пайда болу себептерін анықтаған дейді жетекшісі Айткулова Гулжахан: – Ақбота жастайынан орыс тілі сабағына белсене қатысады. Ол ең алдымен сыныптастары жиі қолданатын сөздерді талдады. Тілімізге жат сөздерден құтылу жолдарын ізденді. Интернет-ресурстармен де үлкен жұмыс жүргізілді. Ғылыми-танымал мәтіндер негізінде материалды логикалық түрде жеткізе білді.

Жұмыс оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы болады. Жалпы жұмысты қолданбалы лингвистикада да пайдалануға болады, – дейді білікті орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ақботаның осы ғылыми жобасы оқушылардың аудандық ғылыми жобалар конкурсында жоғары бағаланды. Қазіргі таңда жас ғалым облыстық конкурсқа дайындық үстінде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий