Ахмет Байтұрсынұлы – 150: “Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры” тақырыбындағы маңғыстаулық оқушылардың облыстық пікірсайыс турнирі

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі Ақтау қаласында орналасқан «Балдәурен» демалыс базасында биылғы қыркүйек айының 27-28 күндері ұйымдастырылып, білім бәйгесінде бақ сынуға аудандар мен қаладан келген 14 команда құрамындағы 28 оқушы қатысты.

Турнирдің мақсаты – өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің, тілдің  мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау. Негізгі  міндеттері: демократиялық қоғамда оқушылардың өмірлік іс-әрекетінің азаматтық ұстанымы мен дағдыларын қалыптастыру, патриотизм сезімін тәрбиелеу; білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, академиялық білім деңгейін арттыру, оқушылардың шешендік шеберлігі мен сенім дағдыларын қалыптастыру; білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктіліктерін дамыту.

Және білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау, өз ұстанымын білдіру дағдыларын, құрылымды диалог пен пікірталас жүргізудің парламенттік мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру; қазақстандық қоғамда орын алған өзекті проблемалық жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы балалар мен жастарды өзекті қоғамдық-саяси тақырыптарға пікірталасқа тарту бойынша жұмысты жандандыру; оқушылар арасында пікірсайыс ойындары мен сындарлы пікірталастарды насихаттау.

Турнирді ұйымдастырушылар төрешілер алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын жасақтап, бұл додаға жалпы білім беретін 8-11 сынып білім алушыларының белсене қатысуына жағдай жасады. Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша және екі айналымда ұйымдастырылған болатын. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал.  Іріктеу ойындары үш раундты құрады.

 

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі, үздік спикерлер дипломдармен және «Карамель Ақтау», “Rakhim baby” балалар дүкендері демеушілік көрсетіп, ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Қазақ лигасынан: бірінші орын – Бейнеу ауданындағы Атамекен жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларынан жасақталған «Атамекен» тобы: Дүйсенгалиев Айдос,  Абиева Асемай; екінші орын – Мұнайлы ауданындағы Шоғы Мұңалұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектептің 9,10 сынып оқушыларын топтастырған «Ақинақ» тобы: Ажибай Нұрдаулет, Тұрғанбаева Фариза; үшінші орын – Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев атындағы мектеп гимназиясының 11 сынып оқушыларының «Ақтұйғын» тобы: Саматқызы Ақнұр, Боранбай Динара.

 

Орыс лигасынан бірінші орын – Ақтау қаласындағы № 1 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларының «Freedom» тобы: Саясат Мира, Карткужаков Елхан; екінші орын – Түпқараған ауданындағы А. М. Горький атындағы мектеп – лицейінің 10 сынып оқушыларының «SLG» тобы: Алтынғали Арайлым, Серік Карина; үшінші орын – Жаңаөзен қаласындағы № 3 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушыларының «Феникс» тобы: Руслан Асылжан, Гасанбеков Эмирбахридин,

 

«Үздік спикер» аталымы Ақтау қаласындағы Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының 11 сынып оқушыларының «Озат» тобына (Жұмабаева Дильназ, Сулейменова Сабина) берілді. Турнир екі күнге жоспарлы түрде ұйымдастырылған бағдарлама мен түрлі спорттық шаралардың негізінде жалғасып, психологиялық тренинг пен кешкі мезгілде балалар бас қосқан «жалынды алауымен» ерекшеленді. Турнирге жиналған оқушылар мен бақ сынаған топтың жетекшілері және көрермендер осы білім бәйгесін мәнді мазмұнда есте қаларлықтай қызықты әрі көңілді өткізген ұйымдастырушылар мен қолдау білдірген демеушілерге алғыстарын жеткізіп, ризашылықпен тарасты.

Фариза Сабидуллақызы Бурина,
«Дарын» облыстық қосымша білім
орталығының шығармашылық
инновациялық жұмыстар зертханасының басшысы,
Аймангүл Аскарқызы СЮРБАЕВА,
«Дарын» облыстық қосымша білім
орталығының шығармашылық
инновациялық жұмыстар зертханасының әдіскері,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий