Маңғыстау облысы: “Адам, Жер, Әлем” қазақстандық астротурнирінің облыстық кезеңі қорытыланды

Маңғыстау облысының білім басқармасымен келісілген “Дарын” облыстық қосымша білім орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 7-11 сынып  мектеп оқушыларының арасында қазақтың көрнекті ғалым-фи­зиктерінің бірі, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдин  атындағы «Адам, Жер, Әлем» қазақстандық астротурнирінің  облыстық кезеңі  «Балдаурен» демалыс базасында ұйымдастырылды.

Турнирдің мақсаты – оқушылардың астрономия саласы бойынша және ғарыш кеңістігін зерттеуге деген шығармашылық қызығушылығын дамыту болып табылады. Турнирге аудан, қала жалпы білім беретін  мектептерден құрама командасы (5 оқушы) барлығы 35 оқушы қатысты. Турнир – бұл жоғарғы сынып оқушыларының жеке -топтық күрделі зерттеулер мен ғылыми жобаларын, өз шешімдерін дәлелді ұсыну, оларды ғылыми пікірталастарда – “астрокүрестерде” қорғау жарысы.

Әділқазылардың шешімі бойынша: бірінші орынмен Ақтау қаласының командасы марапатталса, екінші қатардан Бейнеу мен Мұнайлы аудандарының командалары көрінген болатын. Ал үшінші орынды Маңғыстау мен Қарақия аудандары және Жаңаөзен қаласының командалары өзара бөліскен болатын. Бірінші орын иегері атанған команда биылғы қазан айының 23 – 30  күндері аралығында  “Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды. Қатысушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Гулайым Хыдырчарыевна КОЙБАКАРОВА,
“Дарын” облыстық қосымша білім орталығындағы
ғылыми-инновациялық жұмыстар зертханасының басшысы,

Жанар Сандыбайқызы САНДЫБАЙ,
“Дарын” облыстық қосымша білім орталығындағы
ғылыми-инновациялық жұмыстар зертханасының әдіскері,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий