ШҚО-да мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Жаңа Қазақстан үшін жаңа мемлекеттік қызметкерлер керек. Кадрларға жоғары сұранысқа байланысты Amanzholov University базасында мемлекеттік қызмет Мектебі ашылды. Бұл Қазақстандағы алғашқы білім беру платформасы. Мақсат – тиімді көшбасшылық пен білікті басқарушылық дағдыларын үйрету. Мұндай тәжірибе АҚШ, Сингапур, Австралия және Канада сияқты бірқатар елдерде ғана жүзеге асқан.

– Жоба – Қазақстандағы теңдесіз бастама болып отыр. Мектеп – болашақ мемлекеттік қызметкерлер үшін кәсіби база саналады. Студенттердің неғұрлым сапалы білім алулары үшін қолдан келген жағдайды жасаймыз. Әрбір студентке сеніммен қараймын. Олар, келешекте алға қойған мақсаттарына жететініне үмітім зор, – деп атап өтті Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Студенттердің білімдерін шыңдап, біліктіліктерін арттыруға Amanzholov University оқытушыларынан бөлек, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мамандары қолдау көрсетеді. Ресми ашылу салтанатынан кейін бірден алғашқы дәріс сабақтары да өткізілді. Енді жастардың ел үшін еңбек етіп, Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндіктері молайды.

Сәрсен Аманжолов атындағы
ШҚУ баспасөз қызметі, Өскемен қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий