Оқушының сөйлеу тілін дамытудағы диалогтың тиімділігі

Коучинг сессиясының жоспары: Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы. Мақсат: – диалогтық оқытудың заманауи түсінігімен таныстыру. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, білім мен таным деңгейінің өсуіне әсер ететін диалогтің маңыздылығын түсіндіру. Оқу нәтижесі: – коучинг барысында мұғалімдер диалог, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыруға үйренеді; диалог- оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, танымын дамытудың оңтайлы тәсіл екенін түсінеді. 

Негізгі идеялар: Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады. Сабақта қолданылатын материалдар: Интербелсенді тақта, бейнероликтер, флипчарт, стикер, маркер, бағалау парақтары, А4 парақтары. Оқыту әдістері: Диалог, «Бұл кім екен», «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиялары.

Тапсырмалар: таныстырылым мен бейнежазбаны көрсетіп жағдаяттық диалог құрастыру, тиімді сұрақ қою арқылы әңгімелесушіні дилогтің үш түрінің біреуіне тарту. Сабақ барысындағы коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті: Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Коучтың іс-әрекеті. Топ  бөлу. Ұлттық ою өрнектер арқылы 5 – топқа бөлу, Орындарына жайғастыру. Амандасу. «Ой қозғау». Бейне ролик  тамашалау. Әке мен баланың диалогы. Бұл бейнежазбадан қандай әсер алдыңыздар? Не себепті?. Бейнежазбаның негізгі идеясы қандай? Мұғалімдерге сұрақ қою арқылы диалогқа түсіру. Диалог дегеніміз не? Диалог барысында не жүзеге асырылады? Диалогқа неше жастан бастап түсуге болады деп ойлайсыздар? Неге?

Диалогтың үш түрі мен сұрақтардың дәрежелерімен таныстыру. Power Point презентациясын ұсынады. Диалогтың сабақта қолданудағы тиімділігін көрсетеді. Жаңа материалды мұқият тыңдайды. «Арқан тарту» ойыны. «Арқан тарту»  ойынында мұғалімдерді топтарға бөліп, бір біріне сұрақтар қояды. Сұраққа жауап бермесе, арқанды сұрақ қойған топ өзіңе қарай тартады. Ойын осылай жалғаса береді.  Бір-біріне сұрақ қойып, диалогқа түседі. Белгілен мәреден кім алға шықты, сол топ жеңіске жетеді.

Мәтінмен жұмыс. Диалогты оқыту арқылы мәтінмен жұмыс. Сұрақ қою арқылы мәтінді талдау, диалог құру. Сергіту сәті. «Көңіліңді  көтере біл» тренигі. Ойыншылар орындықта отырып билеуді ұсыну. А)Тек аяқпен. Тек қолмен. Тек  баспен. Тек кеудемен. Барлық денемен билеу. «Ол кім, бұл не?» ойыны. Коуч стикер таратады, мұғалімдерді жұптарға бөледі,оларға стикерге қасындағы жұпқа көрсетпей «Тарихи тұлғалардың» атын жазуды сұрайды. Әйгілі адам жазылған стикерді жұптар бір-бірінің маңдайына жабыстырады. Бір-біріне сұрақ қойып, диалогқа түседі.

Бағалау. Рефлексия. “Интервью алу».  Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланысты интервью алу парақтарын таратып ұйымдастырады.

Анар Кайроллаевна БАЛТАБАЕКОВА,
Степной ауылының жалпы орта білім
беретін мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі, Ақмола облысы, Шортанды ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий