Ақмола облысы: “Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы” байқауы қорытыланды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы онлайн режимде «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» атты облыстық байқаудың қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Сайыстың мақсаты: отбасының тарихын зерттеу, отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту саласында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру. Байқауға 11 ауданнан және 2 қаладан үміткерлер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ретпен үлестірілді: 

Бірінші орын – Саркен Айғаным, Көкшетау қаласы; 2 орын – Алкенов Нурбек, Атбасар ауданы; 2 орын – Нұрдәулет Ербол, Егіндікөл ауданы; 3 орын – Солодилов Захар, Сандықтау ауданы; 3 орын – Жақсыбай Нұрислам, Зеренді ауданы; 3 орын – Молдахмет Әділет, Көкшетау қаласы. Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар беріледі. Құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий