Ғылыми және ғылыми – техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқау басталады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс басталатынын хабарлайды. Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қабылданады, – деп мәлімдейді осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда: су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология; геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар; знергетика және машина жасау; жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі; өмір және денсаулық туралы ғылым.
Және ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар; әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер; білім және ғылым саласындағы зерттеулер; ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар. 🔗Конкурстық өтінімдерді қабылдау 31 қазанға дейін https://is.ncste.kz сайтында жүргізіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий