Жәрмеңкеден түскен қаражат жалғызбасты қарияларға жұмсалмақ
Қызылордадағы Зияткерлік мектепте үй жағдайында әзірленген өнімдердің қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Оқушылар ата-аналарымен бірге дайындаған құймақ, бәліш, бауырсақ, торт және басқа да тәттілерін әкелді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Әзірленген тағамдар мектеп қызметкерлері арасында лезде саудаланып кетті. Балалар 400 000 теңгеге жуық табыс тауып, мектептің қайырымдылық қорына аударды. – Бұл қаражат «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында қаладағы жалғызбасты қарттарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге және мерекелік сыйлықтарға жұмсалатын болады, – дейді жоба координаторы, педагог-ұйымдастырушы-куратор Сәуле Серікбайқызы.
