Ұрпақ болашағы – ұстаздардың қолында
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандықта. Олай дейтінім, ұстаз жүгі — ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу — бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.
Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі — рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.
Жалпы мектеп мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасы аумағындағы орналасқан жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің негізгі принциптері мен мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде.
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына жай ғана түсіндіріп қана қоймай әрбір түсіндірген сөздерінің мән-мағынасын тереңінен түсіндіругебүгінгі күні оқытудың ақпараттық жүйесі интрекактивті тақтаны тиімді пайдалану арқылы түсіндірудің мүмкіншіліктері көп. Бүндай жағдайда көзбен көрген нәрсені сезіну арқылы баланың ой жүйелері толастай түсуге мүмкіндік туады.
Демек, мұғалімнің техникалық құралдары арқылы өткен әрбір сабағының сапасы артып, мұғалім жұмысын жеңілдете түседі. Осы факторлардың барлығы мектеп мұғалімінің педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асыра алады.
Нургул Даражаевна УТЕМУРАТОВА,
№80 мектеп-гимназиясының информатика
пәні мұғалімі, Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Төретам кенті
Загрузка...