Қазақстан және Қатар жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астанада Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің мемлекеттік сапары аясында ҚР Ғылым және ғылым министрлігі мен Қатар мемлекетінің Білім және жоғары білім министрлігі арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Келісімнің мақсаты – достық байланыстарды нығайту және дамыту, жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету және кеңейту. Тараптар жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі беру ұйымдары, зерттеу университеттері арасындағы әріптестікті дамытуға уағдаласты.
Оның ішінде екі елдің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларының академиялық алмасуына жәрдемдесуге келісті. Сонымен қатар Келісім өзара ғылыми мүдде негізінде ғылыми-зерттеу жобаларын және халықаралық журналдарда бірлескен жарияланымдарды іске асыруды қамтамасыз етеді.
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий