Зияткерлік мектептің көркем гимнастика шебері төрткүл дүниені мойындатпақ
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS мектебінің 9-сынып оқушысы Бейганова Амина IV Әлем кубогы Азия чемпионатында топ жаратын күндері алыс емес, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

23 тамыз күні Алматы қаласында көркем гимнастикадан республикалық турнир өз мәресіне жеткен болатын. Турнирдің мақсаты Әлем кубогында Қазақстанның намысын қорғайтын мықты команданы анықтау болған. Осы сайыста Аминаның командасы үздіктер арасынан топ жарып, 24 қазанда Куала-Лумпурда өтетін Азия чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Загрузка...Жалпы, бұл біздің биылғы жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы тәжірибеміз емес. Маусым айында командамызбен бірге Финляндияның Тампер қаласында өткен Әлем Кубогына қатыстық. Аталған сайыста жасөспірімдер санаты бойынша 5-орынға ие болдық, – дейді оқушы.