Алар асулары көп шәкірт

Ұстаз шәкіртімен мақтанатыны бұрыннан мәлім дүние ғой, әлбетте, біліммен сусындап, қаруланған адам әрқашан да жеңімпаз болып жүрері анық. Біреуге мәлім, біреуге беймәлім, кеншілер қаласындағы Би-аға атындағы №7 мектеп-гимназия ЮНЕСКО қатарына білім беру ұйымдарының бірі, осыдан бастап, ЮНЕСКО тарапынан өтетін біршама байқау, іс-шаралар біздің гимназиядан айналып өтпейтіні рас.

Осындай бір шығармашылыққа толы байқауда шәкіртіміз Жағыпар Гаухар 3 күндік фестивальге қатысып, халықаралық сайыста 8000 мыңдай жұмыстың ішінен үздіктер қатарынан көрінді. Үздік деп танылаған 500 жұмыс жинақ-альбомға енді. Әлбетте, бұндай іс-шаралар кез келген шәкірттің шығармашылыққа толы бәсекелі мінбеден көрінуге деген үлкен шабытын оятары хақ.

Гаухар қызымызды осындай үлкен жеңісімен құттықтай отыра, шығармашыл, дарынды жастардың өз бойындағы шабытын дұрыс бағытқа жұмсауға, өркендеп, өсе беруге, рухани кемелденіп, Абай атамыз айтқандай, «толық адам» қатарын көбейтуге шақырамын.

Асемгуль АБУТАЛИПОВА,
Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп
гимназиясы директорының бейінді оқыту
және дарынды балалармен жұмыс бойынша
орынбасары, Қостанай облысының Рудный қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий