Ақмола облысында үздік ата-аналар комитеті анықталды

“Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мектеп оқушылары арасында «Мектептің үздік ата – аналар, қамқоршылық комитеті – 2022» байқауының республикалық іріктеу кезеңін өткізді, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шараға Ақмола облысының Бурабай, Сандықтау, Есіл, Жарқайың, Ақкөл, Жақсы, Зеренді, Шортанды, Астраханка аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің 23 қатысушысы қатысты. Байқау 2 номинация бойынша өтті:«Үздік ата – аналар комитеті – 2022», «Үздік қамқоршылық кеңес – 2022».

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар мына ретпен орналасты: «Үздік ата – аналар комитеті – 2022» номинациясында 1 орын – Бурабай ауданы, Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББМ – төрағасы Базаева Нурсулу Талгатқызы; 2 орын – Целиноград ауданы, Қажымұкан ауылы ЖББМ – төрағасы Шарагаева Жаныл Тасбулатқызы; 3 орын – Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылы ЖББМ – төрағасы Капезов Ахат Орынбайұлы.

«Үздік қамқоршылық кеңес – 2022» номинациясында 1 орын – Жаркаин ауданы, Державинск қ., Н.Крупская атындағы ЖББМ – төрағасы Подрезова Светлана Николаевна; 2 орын – Есіл ауданы, Свободное ауылы ЖББМ – төрағасы Шамшина Анар Канышқызы; 3 орын – Көкшетау қаласы, №13 «ЭКОС» ЖББМ – төрағасы Плюснин Игорь Генадьевич. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады Барлық. қатысушыларға сертификаттар беріледі. Құттықтаймыз және сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий