Республикалық оқулар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы белгілі болды

Қазақстандық қоғамдық даму институты үш кезеңде (аудандық / қалалық, облыстық, республикалық) 3-4; 5-6; 7-8; 9-10 сыныптардың параллельдері арасында мемлекеттік тілде оқулар байқауы жарияланды. Ақмола облысының білім беру ұйымдарының оқушылары арасында аудандық/ қалалық кезең а. ж. 23 қыркүйегінде өткізілді, қатысқан оқушылардың жалпы саны 77 065. Оның ішінде 68 жеңімпаз облыстық кезеңге қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Республикалық оқулар байқауының облыстық кезеңі ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың 14 қазанында өткізілді. Байқауда екі тапсырма болды: тестілеу және қысқаша эссе жазу. Тапсырмаларды орындауға жалпы уақыты – 2 сағат 10 минут бөлінді. Тапсырмалар келесі тақырыптар бойынша берілді: 3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар: «Қазақ ертегілері», «Алпамыс батыр» ертегілері.

5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар: «Мен – апамның баласымын» атты романының І-томы, Әлдихан Қалдыбаев және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»; 7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар: «Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы; «Гулливердің саяхаты» Джонатан Свифт; 9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар: «Көшпенділер.Алмас қылыш» Ілияс Есенберлин; «Робинзон Крузо» Даниэль Дефо.

Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінен, М. Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасынан, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен және Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығынан таңдалған қазылар алқасы мүшелері оқушылардың орындаған тапсырмаларына әділ бағаларын берді.

Облыстық байқау қорытындысы бойынша сыныптардың әр қатарынан бір жеңімпаз анықталды, осылайша келесі балалар 1-орынға ие болды: Еркінқызы Нұршуақ, Целиноград аудыны № 2 ЖОББМ, 4 сынып оқушысы; Болатова Айару, Жақсы ауданы Терісаққан негізгі орта мектебінің 6 сынып оқушысы; Мубарак Мадина, Есіл ауданы № 3 орта мектебінің 7 сынып оқушысы; Бекболат Мөлдір, Жақсы ауданы Қима а. Ғ. Абдірахманов атындағы ЖОББМ 10 сынып оқушысы. Оларға Астана қаласында өтетін байқаудың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий