Астана Халықаралық мектебінің тоғызқұмалақтан кіші тобы V желілік спартакиадада үшінші орын иеленді

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан V желілік спартакиада өтті. Командалық есепте Астана Халықаралық мектебінің кіші тобы жүлделі ІІІ орынға ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жеке есепте кіші топта бастауыш сынып оқушылары қыз балалар арасында Нұрсара Төлегенова, ұл балалар арасында Нұрали Рапилбеков ІІІ орынды қанжығалады. Биыл спартакиада халықаралық бакалавриат мектебінің базасында ұйымдастырылды. Қатысушылар ойындарын «PlayOk» платформасында қашықтан өткізді. Спартакиадаға барлығы 94 оқушы қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий