Ақтөбедегі NIS қауымдастығы “Ізгілік” балын ұйымдастырды⠀⁣⁣⠀

Қайырымдылық балы Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің игі дәстүрлерінің бірі. Осы жылы⠀«Ізгілік» балы білім ордасының 10 жылдығына арналды. Кеш барысында өткен аукционда миллионнан астам теңгеге зияткер оқушылардың жұмыстары сатылды, барлық түскен ақша сал ауруына шалдыққан азаматтар орталығын қолдауға жұмсалады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
⁣⁣
– NIS Ақтөбеде қайырымдылық балдарын өткізу дәстүрге айналды. Пандемия кезінде бұл дәстүрді үзуге тура келді, ал биыл ол қайта жанданып, жаңа «Ізгілік» атауына ие болды, бірақ мақсат сол қалпында – шәкірттеріміздің бойында азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Қайырымдылық кешінде оқушылар мүмкіндігі шектеулі жандарға басқаша көзқараспен қарауға, оларға көмек қолын созуға мүмкіндік алды. Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар тыңғылықты дайындалып, 2 айдан астам уақыт бойы билеп үйренді, – деді Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп директоры Сәуле Өмірбекова.⁣⁣⠀

«Ізгілік» балы Полонез биімен ашылды. Мектеп мұғалімдерінен 20 жұп, 37 оқушылар жұптары, ата-аналардан 5 жұп және 1 арбадағы мүмкіндігі шектеулі жұп билейтін вальс, мазурка, классикалық полька, бачата, пасодобль және минуэт биледі. Аталған қойылымдардың барлығын NIS хореографы Зердегүл Үркімбаева дайындады. Кей мұғалімдер мен ата-аналар алғаш рет вальс билеп, сабақтан, жұмыстан кейін дайындыққа келіп жүрді. ⁣⁣⠀

 Қайырымдылық жасауға ынталы 65 жұпты дайындауға көп күш жұмсалды. Бүгін осындай әдемі кештің куәсі болып отырғанымыз – қатысушылардың мұқтаж жандарға көмектесеміз деген шын ниеттерінен шығар. Біздің мектепте жан-жақты, дарынды ғана емес, сонымен қатар жанашыр балалар оқиды, қайырымды, қамқор мұғалімдер жұмыс істейді. Ал ата-аналар мен орталықтан келген бишілерімізге ерекше алғыс айтамыз, – деп бөлісті мектеп хореографы Зердегүл Үркімбаева.⁣⁣⁣⁣⠀

Сондай-ақ, қайырымдылық кешінде қонақтарға аукцион өткізілді, оған мектептің шығармашылық үйірмелеріндегі балалардың жұмыстары қойылды. Қонақтардың арасында кәсіпкерлер, танымал тұлғалар, белсенділер мен меценаттар, оқушылардың ата-аналары болды. Барлық қонақтар бал ережесіне сәйкес әдемі кешкі киімдерде, ерлер костюмдерде болды.⁣⁣⁣⁣ Қайырымдылық кешінің алғашқы лотында вальс билеген қыздың мүсіні болды. Оны Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Сабирина Әбішева орындады.

Ал аукционның ең қымбат лоты болып 11-сынып оқушысы⠀Амина Ерболат салған «Ұмай ана» картинасы атанды. 9-сынып оқушылары Аяулым Қалдыбаева мен Аяулым Амангелді киізден «Төрт тұмар» панносын сатылымға қойды. Соңғы лот – «Би шыңы» мүсінінің авторы 12-сынып оқушысы Амина Қангельдина. Аукционда оқушылардың жұмыстары жалпы сомасы 1 миллион 80 мың теңгеге сатылды. Қайырымдылық кешінен жиналған барлық ақша Ақтөбедегі сал ауруына шалдыққан азаматтар орталығы үшін техникасын сатып алуға жұмсалады.⁣⁣⠀

Жақында жарыста 4 000 000 теңге жеңіп алған Ақтөбедегі NIS-тің 10-сынып оқушылары Нұршат Жұбаныш пен Әсет Үбниязов те қайырымдылыққа өз үлестерін қосуды ұйғарды. Зияткерлер «Ізгілік» балында зағип жандарға арналған кітапханаға арнайы кітаптар сыйға тартатынын хабарлады.⁣⁣⠀Бал қонақтары болса, классикалық музыканы, этикет пен әдептілікті қажет ететін әдемі, мағыналы кештерді жиі өткізу керек екенін атап өтті.⁣⁣ Кеш соңында мектеп басшысы шараға қатысқан жанашыр жандарға алғысын білдіріп, аукцион жеңімпаздарына арнайы осы балға жасалған мүсіндерді сыйға тартты. ⁣⁣⠀

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий