“Педагог” кәсіби стандартын жария талқылау басталды

Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына өзгерген шындыққа және озық білім беру тәжірибесіне сәйкес педагог құзыретілігінің шеңберін дамыту туралы жолдауын іске асыру шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Педагог» кәсіби стандартын әзірледі. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы стандартты негізді және іс-әрекеттік түсіну үшін педагогтер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Педагог, жалпы алғанда, білім беру сапасына, атап айтқанда, әр білім алушының оқу жетістігіне тиімді әсер етуі үшін нақты кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы шарт. «Педагог» жаңа буын кәсіби стандарты педагогтің еркінділік шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл ретте оның еңбек нәтижелері үшін жауапкершілігін арттырады, нақты бағалау критерийлерін ұсына отырып, оның біліктілігіне қойылатын талаптарды ұсынады.

Құжатта педагог қызметінің барлық негізгі бағыттары, олардың мазмұны мен ҚР қазіргі білім беру саясатының негізгі қағидаттарын іске асыратын міндеттері көрсетілген. Кәсіби стандартта алғаш рет қолдану аясы белгіленді, педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің нақты жиектемесі анықталды, педагогтердің біліктілік санаттары бойынша күшейту қағидаты бойынша құрылымдалған біліктілік критерийлері айқындалды.

Стандарт білім беру сапасын арттыру құралы және педагогтің біліктілігін объективті өлшегіш болғандықтан, педагогикалық білімге және педагогтің кәсіби дамуына қатысы бар барлық тұлғалардың оны талқылауға қатысып, педагогтің қызметіне аяқ басқан сәттен бастап оның шыңына жеткенге дейін негізгі үздіксіз даму мәселелері жайында біртұтас түсінікке ие болғаны маңызды болып табылады.

Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарымен кездесулер барлық өңірлерде білім басқармалары мамандарының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалдарының, әдістемелік кабинеттер мен ЖОО оқытушыларының қатысуымен өтеді. Әр педагог өзін қызықтыратын сұрақ қоя алады немесе құжаттың мәтінін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасай алады. Талқылау қазан айының соңына дейін жалғасады. Талқылауға қатысу үшін педагогке өз өңірінің «Өрлеу» филиалына жүгіну керек.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий