“Педагог” кәсіби стандартының ерекшеліктері туралы

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВтың төрағалығымен бүгін осы бейіндік ведомстваның кезекті аппарат жиналасы ұйымдастырылған болатын. Дәстүрлі басқосу барысында “Педагог” кәсіби стандартының ерекшеліктері туралы негізгі баяндаманы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Мұхаметжанова Әсел Зейнулқызы жасаса, қосымша баяндамашылар ретінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Тыныбаева Мадина Ағланқызы мен Қыздар педагогикалық университетінің ректоры – Қанай Гүлмира Әмірханқызы сөз сөйлеген болатын.

 

Мұхаметжанова Әсел Зейнулқызы

Оқырмандардың назарына негізгі баяндаманың толық нұсқасын ұсынамыз. Ьүгінгі таңда, педагогтердің құзыреттілігі мен олардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайтын бірнеше құжаттар бар. Бұл 2017 (екі мың он жетінші) жылы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіби стандарты және ол негізінен еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әзірленген. Сондай-ақ 2009 (екі мың тоғызыншы) жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптары, – деді өзінің сөзінде Әсел Мұхаметжанова. 

2017 (екі мың он жетінші) жылғы кәсіптік стандартта бес еңбек функциясы анықталып, сипатталған, сонымен қатар педагог мамандығының құндылықтары анықталған. Бұл мазмұн жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етпейді: педагогтің біліктілік деңгейлерін, еңбек функцияларын және кәсіби даму дәрежесін дифференциалды бағалауды; педагогтің дайындықтан және мамандыққа кіруден педагогикалық шеберлікке дейінгі үздіксіз дамуының нақты сипаттамасын; нақты педагогтің еңбек қызметі мен кәсіби танылған тәжірибе эталонының арақатынасын. 

Сондықтан біз өмір бойы білім алу үшін педагогтерімізге заманауи нормативтік құрал қажет екенін түсінеміз. Айта кету керек, 2020 (екі мың жиырмасыншы) жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы педагогтерді даярлау және кәсіби дамыту жүйесінің орталық элементі болу үшін кәсіби стандартты өзектендіруді ұсынды. Осылайша, жаңа буынның кәсіби стандарты алғашқы дайындықтан бастап, мамандыққа кіру және кәсіби дамуға дейін педагогтің кәсіби дамуының жол картасы болады.

Кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары, сертификаттау және аттестаттау рәсімдері, үздіксіз кәсіби даму мазмұны әзірленіп, жаңартылады және педагогикалық кадрларды қызмет бойынша жоғарылату стратегиясы құрылатын болады. Кәсіби стандартты өзектендіру жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Сіздің бұйрығыңыз бойынша жұмыс тобы құрылды. Кәсіби стандартты әзірлеуде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының көшбасшылығын атап өту маңызды.

Жұмыс көлемі слайдта көрсетілген. Бұл жерде Австралия, Ұлыбритания, Канада, Шотландия, Сингапур, Эстония сияқты елдердің халықаралық тәжірибесі терең зерттелгенін айта кеткен жөн. Жаңартылған кәсіби стандарт озық халықаралық тәжірибені қамтиды, сонымен қатар педагогтердің құзыреттілігін толық көрсетеді. Жаңа буынның кәсіби стандартында алғаш рет 4 (төрт) КРИТЕРИЙДЕН тұратын педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің шеңбері анықталды: олар кәсіби құндылықтар, кәсіби білім, кәсіби тәжірибе және кәсіби өсу.

Бұл 4 (төрт) критерий мұғалімдердің не білуі және не істей алуы керектігін анықтайтын 13 (он үш) стандарттан тұрады. Әрі қарай, әр стандартта педагогтердің бес санаттары үшін (тағылымдамашыдан бастап шеберге дейін) дескрипторлар бар. Кәсіби стандарт қалыптастыру принципіне сәйкес бес санат шеңберінде педагогтерге арналған сапа стандарттарын анықтайды. Мысалы, 3.2 (үште екінші) – «білім беру/ тәрбие процесін жоспарлау қабілеті» стандартында – педагог-тағылымдамашы сабақты оқу мақсатына сәйкес жоспарлайды, ал педагог-шебер тәжірибелік зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, оқу процесінің мазмұнын жоспарлайды.

Кәсіби стандартты, оның мақсаттарын, қолдану салаларын жан-жақты түсіну үшін қазіргі уақытта педагогикалық ұжым арасында, мүдделі тұлғалар арасында Кәсіби стандарттың мазмұны бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Білім басқармаларының, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары, педагогикалық кадрларды дайындайтын жоғары оқу орындарының өкілдері, Өрлеу филиалдарының әкімшілігі мен оқытушылары, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогтерінің, әдістемелік кабинеттердің мамандарының қатысуымен кәсіби стандарттың міндеттері мен мазмұнын, педагогтің кәсіби құзыреттіліктерінің критерийлері мен индикаторларын, сондай-ақ мамандықтар картасын аспектілі қараумен ақпараттық-түсіндіру вебинарлары мен интерактивті сағаттары өткізіледі, – деп қорытындылады негізгі баяндамасын “Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Зейнулқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий