Қостанай облысы: Халықаралық сайыстан қола жүлде

Санкт-Петербург қаласындағы «Жар птица» фестиваль орталығында мәдениет және өнер саласында, «Я сенсация» халықаралық сайысы өтті. Оған шығармашылық топтар мен номинациялардың жеке орындаушылары шақырылды: вокалдық, аспаптық жанр, хореография, Гран-при иегерлері және «Жар птица»  ФО  халықаралық байқау фестивалінің  бірінші дәрежелі лауреаттары, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Осы үлкен сайыcқа Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің С.Қожамқұлов атындағы балалар өнер мектебі» КММ 4-сынып оқушысы, саксофоншы Кравченко Елена шақырылды, оқытушысы С.В. Левицкий, концертмейстері Кривенькая С.В. Елена осы айтулы шарада өте сәтті өнер көрсетіп, аспаптық жанр номинациясында ҚОЛА ЖЕҢІМПАЗЫ (3 орын) атанды.

Еленаны және Қарабалық ауданының балалар шығармашылық мектебінің ұжымын жеңістерімен құттықтаймыз және алар асуларыңыз көп болсын!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий