Батыс Қазақстан облысы: “Картинг” автокөлігі спорты бойынша жарысы қорытыланды

Биылғы жылдың жоспарына сәйкес оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық спорт түрлерін насихаттау, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы «Картинг» автокөлігі спорты бойынша облыстық жарысын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жарысқа Бәйтерек ауданы, Бөкей ордасы ауданы, облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернаты, Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені, Орал қаласы мектептен тыс жұмыс орталығы, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының командаларынан 32 спортшы қатысты.

Облыстық жарыстың жеңімпаздары болып төмендегі оқушылар танылды: «50 текше см³» санаты бойынша жекелей жарыста: І орын – Евсюк Матвей, Орал қаласы Мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі; ІІ орын – Агафонов Алексей, Орал қаласы Мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі; ІІІ орын – Полкунов Константин, Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, ОБТШО.

Алғыс хат иегері: Горчаков Павел, Орал қаласы Мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі. «125 текше см³» санаты бойынша жекелей жарыста: І орын – Халқаман Бахтияр, Бөкей ордасы ауданы, балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі; ІІ орын – Кельдибеков Дармен, «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушісі, ОБТШО; ІІІ орын – Петров Данил, Орал қаласы Мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі.

Алғыс хат иегері: Алмамбетов Алишер, Бәйтерек ауданы тәрбие жұмысы орталығының тәрбиеленушісі. «175 текше см³» санаты бойынша жекелей жарыста: І орын – Кривобоков Никита, Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің оқушысы, ОБТШО; ІІ орын – Халқаман Бахтияр, Бөкей ордасы ауданы, балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі; ІІІ орын- Гончаров Артем, Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий