Бағдат Азаматов – медициналық титан торларының бірегей үлгілері зауытын құруға қатысқан зерттеуші ғалым

Бағдат Азаматов – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша PhD докторы, 0006/17 «Медицинада одан әрі пайдалану үшін титан бұйымдарын шығару» Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бөлімінің жетекшісі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Материалдарды тәжірибелік үлгілеу және өңдеу» ғылыми-өндірістік кешенінің меңгерушісі. Университет жанындағы озық даму орталығының ғылыми қызметкері, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Студенттермен бірге омыртқааралық дискілерді ауыстыру үшін қолданылатын медициналық титан торларының бірегей үлгілерін шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік зауытты әзірлеуге және құруға қатысқан. Азаматов 30-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы және бірлескен авторы.
2019 жылдың 23 мамырында ЕҰУ-де Жастар жылы аясында өткен Жас ғалымдар конгресінде, Қазақстан Республикасы Ортопед-травматологтарының ІІІ съезінде және Ортопед-травматологтардың VII Еуразиялық конгресінде баяндама жасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий